https://sputnik.kz/20260403/astanada-oqushylarga-qazaqtyn-ulttyq-tagamy-beriledi-62397962.html
Астанада оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы беріледі
Астанада оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы беріледі
Sputnik Қазақстан
Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңартылды 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T22:11+0500
2026-04-03T22:11+0500
2026-04-03T22:11+0500
астана
мектеп
тәтті тағам
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41606038_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_84ca4ba02bea7241737ea4574377be0c.jpg
АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Астана қаласының мемлекеттік жалпы білім беретін ұйымдарында 1 сәуірден бастап ас мәзірі жаңартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жаңа мәзір Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енуіне байланысты әзірленді.Аталған стандартта балалардың жас ерекшеліктері, физиологиялық қажеттіліктері және заманауи тағамтану талаптары ескерілген.Сондай-ақ, қазақ тағамтану академиясының сарапшылары қатысып, ғылыми негізделген ұсыныстар енгізді.Сонымен қатар, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өнімдер мәзірден алынып тасталды. Атап айтқанда, тұз, қант және қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдар, шұжық өнімдері, фастфуд (пицца, хот-догтар), құрамында қосылған қанты бар шырындар, спредтер және консерванттары бар өнімдер енді ұсынылмайды.Жаңа мәзірде ас құрамында еттен, балықтан немесе құс етінен дайындалған ыстық тағамдар бар. Сонымен бірге тұтас дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін кеңінен пайдалану көзделген."Астана мектептерінде сондай-ақ мектеп тамақтануына ұлттық компонент енгізу бастамасы іске асырылуда. Бұл "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы аясында жүзеге асып, оқушыларды дәстүрлі тағамдармен таныстыруға мүмкіндік береді. Яғни, аптаның бір күнінде оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы – асылған ет те беріледі", - деп толықтырды әкімдік.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41606038_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_afd58ccc92f68f618ed9b44774d24860.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп, тәтті тағам
астана, мектеп, тәтті тағам
Астанада оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы беріледі
Елорда мектептерінде ас мәзірі жаңартылды
АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Астана қаласының мемлекеттік жалпы білім беретін ұйымдарында 1 сәуірден бастап ас мәзірі жаңартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа мәзір Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп әзірлеген мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енуіне байланысты әзірленді.
Аталған стандартта балалардың жас ерекшеліктері, физиологиялық қажеттіліктері және заманауи тағамтану талаптары ескерілген.
Сондай-ақ, қазақ тағамтану академиясының сарапшылары қатысып, ғылыми негізделген ұсыныстар енгізді.
"Жаңартылған ас мәзірінің басты ерекшелігі – оның теңгерімділігі мен пайдалы құрамының артуы. Рационда ет, балық, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ жаңа піскен көкөністер мен жемістердің үлесі көбейтілген. Бұл балалардың ағзасын қажетті ақуыздармен, дәрумендермен және микроэлементтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін өнімдер мәзірден алынып тасталды. Атап айтқанда, тұз, қант және қаныққан майлар мөлшері жоғары тағамдар, шұжық өнімдері, фастфуд (пицца, хот-догтар), құрамында қосылған қанты бар шырындар, спредтер және консерванттары бар өнімдер енді ұсынылмайды.
Жаңа мәзірде ас құрамында еттен, балықтан немесе құс етінен дайындалған ыстық тағамдар бар. Сонымен бірге тұтас дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін кеңінен пайдалану көзделген.
"Астана мектептерінде сондай-ақ мектеп тамақтануына ұлттық компонент енгізу бастамасы іске асырылуда. Бұл "Ұлттық мектеп асханасы" жобасы аясында жүзеге асып, оқушыларды дәстүрлі тағамдармен таныстыруға мүмкіндік береді. Яғни, аптаның бір күнінде оқушыларға қазақтың ұлттық тағамы – асылған ет те беріледі", - деп толықтырды әкімдік.