https://sputnik.kz/20260403/almaty-oblysynda-respublikalyq-manyzy-bar-zholdyn-boligi-opyrylyp-ketti-62390956.html
Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдың бөлігі опырылып кетті
Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдың бөлігі опырылып кетті
Sputnik Қазақстан
Қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылған 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T13:45+0500
2026-04-03T13:45+0500
2026-04-03T13:45+0500
алматы
жол
су
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45239660_3:0:1278:717_1920x0_80_0_0_c926a57b3a8a1350316dc564a6237f97.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Алматы облысындағы республикалық маңызы бар "Кеген – Нарынқол" автожолдың бір бөлігі опырылып кетті, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".Республикалық маңызы бар жолдағы оқиға 3 сәуірде сағат 11:30 шамасында болған Жолдың 20-шақырымында еріген қар суын өткізу кезінде қолданыстағы су ағатын құбыр зақымданып, жол төсемі шайылып кеткен.Қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылған. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр."Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады", - дейді компанияда.Бұл учаске арқылы күніне 500 автокөлік өтеді. Айта кетейік, жол 1960–1970 жылдары салынған.
https://sputnik.kz/20260210/turkistan-oblysynda-zholdy-su-shayyp-ketti-61062737.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45239660_162:0:1118:717_1920x0_80_0_0_81fa32a92adc08c6e9dcbccc760c4238.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол, су
Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдың бөлігі опырылып кетті
Қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылған
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Алматы облысындағы республикалық маңызы бар "Кеген – Нарынқол" автожолдың бір бөлігі опырылып кетті, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Республикалық маңызы бар жолдағы оқиға 3 сәуірде сағат 11:30 шамасында болған Жолдың 20-шақырымында еріген қар суын өткізу кезінде қолданыстағы су ағатын құбыр зақымданып, жол төсемі шайылып кеткен.
"Бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылған. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
"Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады", - дейді компанияда.
Бұл учаске арқылы күніне 500 автокөлік өтеді. Айта кетейік, жол 1960–1970 жылдары салынған.