Алаяқтар өздерін емхана қызметкері ретінде таныстырады - министрлік ескерту жасады

Емхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2026
Жазылу
Күмәнді қоңыраулар азаматтарға емханаларға барғаннан кейін келе бастаған
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда алаяқтар медицина қызметкерлерінің атын жамылып, азаматтарға қоңыраулар соғып жатқанын ескертті.
Министрлік мәліметінше, әлеуметтік желілерде азаматтарға емханаларға барғаннан кейін түсетін күмәнді қоңыраулар туралы ақпарат таралып жатыр.

"Мұндай жағдайлар еліміздің әртүрлі өңірлерінде тіркеліп жатыр және олар медициналық ұйымдардың қызметімен байланысты емес. Алаяқтар азаматтардың, соның ішінде егде жастағы адамдардың сенімін пайдаланып, өздерін емхана немесе басқа мекемелердің қызметкерлері ретінде таныстырады", - деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды келесі сақтық шараларын сақтауға шақырады:
SMS-кодтарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
телефон арқылы алынған ақпараттың шынайылығын тексеру;
күмәнді қоңыраулар болған жағдайда өз медициналық ұйымына немесе құқық қорғау органдарына жүгіну.
Азаматтарға өздерінің тіркелу мәртебесін eGov.kz/eGov Mobile порталы немесе Damumed қосымшасы арқылы дербес тексеру ұсынылады.
Министрлік медициналық ұйымдарға қабылдауға жазылу eGov.kz/eGov Mobile порталы, медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ тіркеу бөліміне телефон арқылы жүгіну арқылы жүзеге асырылатынын еске салды.
SMS-кодтар пациенттерге тек цифрлық сервистерде авторизациядан өту шеңберінде ғана жіберіледі. Медициналық ұйым қызметкерлері телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайды, дейді министрлікте.
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Бас прокуратура 8 наурыз қарсаңында алаяқтық әрекет көбейетінін ескертті
Жаңалықтар
0