https://sputnik.kz/20260402/ukraina-men-aqsh-qauipsizdik-kepildikterin-kusheytu-maselesin-talqylady---zelenskiy-62353086.html
Украина мен АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту мәселесін талқылады - Зеленский
Украина мен АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту мәселесін талқылады - Зеленский
Sputnik Қазақстан
Зеленский қандай қауіпсіздік кепілдіктері талқыланып жатқанын немесе олардың қалай күшейтілетінін нақтыламады 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T11:53+0500
2026-04-02T11:53+0500
2026-04-02T11:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055652_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_71d02f8a4ad78e9e02afc88ed5a8c79d.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Зеленский бұған дейін НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің қатысуымен Украина мен АҚШ арасындағы видео форматындағы екіжақты келіссөздер сәрсенбіге жоспарланғанын хабарлаған болатын.Бірақ Зеленский қандай қауіпсіздік кепілдіктері талқыланып жатқанын немесе олардың қалай күшейтілетінін нақтыламады.15 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөздер тоқтатылғанын, себебі АҚШ Таяу Шығысқа қатысты мәселелерге назар аударып отырғанын хабарлады. Кейінірек ол Ресей келіссөздердің жаңа кезеңін күтіп отырғанын, бірақ орны мен уақыты әлі анықталмағанын, бұл айқын себептерге байланысты екенін айтты.Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары Америка Құрама Штаттарының қатысуымен үш келіссөз кезеңін өткізді. Ең соңғысы 17-18 ақпанда Женевада өтті.* Ресейдің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген.
https://sputnik.kz/20260320/ukrainalyq-kelissoz-zhurgizushiler-aqsh-ta-kezdesuler-otkizedi---zelenskiy-62057297.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055652_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_de837eb6ed5ea5bdbc435fa151a0a4e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина мен АҚШ қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту мәселесін талқылады - Зеленский
Зеленский қандай қауіпсіздік кепілдіктері талқыланып жатқанын немесе олардың қалай күшейтілетінін нақтыламады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон Украинаның қауіпсіздік кепілдіктерін күшейту үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
Зеленский бұған дейін НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің қатысуымен Украина мен АҚШ арасындағы видео форматындағы екіжақты келіссөздер сәрсенбіге жоспарланғанын хабарлаған болатын.
"Біз АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткоффпен, Джаред Кушнермен сөйлестік, бұл талқылауларға Линдси Грэм* және Марк Рютте қосылды. Біз дипломатияны қалай күшейту керектігін, қандай қадамдар жасау мүмкін екенін, сондай-ақ қауіпсіздік кепілдіктері мен еуропалықтардың қатысуын талқыладық... Біз қауіпсіздік кепілдіктерін күшейтуге келістік", - деді Зеленский Telegram арнасында жарияланған бейнежазбада.
Бірақ Зеленский қандай қауіпсіздік кепілдіктері талқыланып жатқанын немесе олардың қалай күшейтілетінін нақтыламады.
15 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөздер тоқтатылғанын, себебі АҚШ Таяу Шығысқа қатысты мәселелерге назар аударып отырғанын хабарлады. Кейінірек ол Ресей келіссөздердің жаңа кезеңін күтіп отырғанын, бірақ орны мен уақыты әлі анықталмағанын, бұл айқын себептерге байланысты екенін айтты.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары Америка Құрама Штаттарының қатысуымен үш келіссөз кезеңін өткізді. Ең соңғысы 17-18 ақпанда Женевада өтті.
* Ресейдің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген.