Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат жарияланды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Жазылу
Боқаев екі айға қамауға алынған болатын
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Боқаев екі айға қамауға алынған болатын. Оған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру бойынша айып тағылып отыр.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов алаяқтық жолмен қаржы жымқыру әрекеті қай кезде болғанын айтты.
"Ұлттық компанияда жұмыс істеген кезде болған", - деді Өтегенов сенаттағы брифингте.
Айта кетері, Боқаев 2015-2018 жылдары аралығында "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болған. 2021 жылы бұл компанияның атауы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы болып өзгертілді.
Санжар Боқаев ұсталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
Жаңалықтар
0