https://sputnik.kz/20260402/qazmunaygaz-ben-lukoyl-kaspiydegi-zhobalardy-qarzhylandyru-zholdaryn-izdestirip-zhatyr-62364181.html
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі жобаларды қаржыландыру жолдарын іздестіріп жатыр
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі жобаларды қаржыландыру жолдарын іздестіріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Компаниялар санкциялық шектеулерді ескереді 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T22:49+0500
2026-04-02T22:49+0500
2026-04-02T22:49+0500
қазмұнайгаз
теңіз
мұнай кен орыны
кен орыны
https://sputnik.kz/img/07e9/09/05/56839085_32:0:1200:657_1920x0_80_0_0_227d3ddbf1230f7f54fa8201f6776a39.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов компанияның ресейлік "Лукойлмен" бірлескен жұмысына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.Оның айтуынша, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру үшін қаржыландырудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Жұмыс "Лукойлға" қарсы енгізілген санкцияларды ескере отырып жүргізілуде.Хасеновтің айтуынша, белгілі бір қиындықтар бар, алайда "ҚазМұнайГаз" ресейлік серіктеспен бірлесіп шешім табуға жұмыс істеп жатыр.Сондай-ақ ол Қазақстанда "Лукойл" активтерін сатып алу мәселесін мемлекет шешетінін атап өтті. Бұл "ҚазМұнайГаздың" құзыретіне кірмейді.Былтыр шілде айында "ҚазМұнайГаз" басшысы Қаламқас-теңіз және Хазар жобасы бойынша инвестициялық шешім 2025 жылы қабылданады деп жоспарланып отырғанын айтқан. Алайда кейін АҚШ "Лукойлға" қарсы санкциялар енгізді.Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарында жыл сайын шамамен 4 млн тонна шикізат өндіру жоспарланған. Жобаға "Лукойл" мен "ҚазМұнайГаз" 50/50 үлеспен қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/05/56839085_291:0:1167:657_1920x0_80_0_0_82284cb791b887d337641e5f2bd5be72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, теңіз, мұнай кен орыны, кен орыны
қазмұнайгаз, теңіз, мұнай кен орыны, кен орыны
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі жобаларды қаржыландыру жолдарын іздестіріп жатыр
Компаниялар санкциялық шектеулерді ескереді
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" басшысы Асхат Хасенов компанияның ресейлік "Лукойлмен" бірлескен жұмысына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Оның айтуынша, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру үшін қаржыландырудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Жұмыс "Лукойлға" қарсы енгізілген санкцияларды ескере отырып жүргізілуде.
"Біз "Лукойл" компаниясымен бірлесіп жобалық жұмыстарды аяқтадық. Қазіргі санкциялық шектеулерді ескерсек, қаржыландыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл біздің серіктестерімізге де қатысты. Сондықтан бүгінде осы мәселені шешудің барлық мүмкін нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Жобалық қаржыландыру бойынша тиісті тетіктерді табуымыз қажет. Банктермен де келіссөздер жүргіземіз, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Қазір өзара қолайлы шешімдерді іздестіріп жатыр", – деді ол.
Хасеновтің айтуынша, белгілі бір қиындықтар бар, алайда "ҚазМұнайГаз" ресейлік серіктеспен бірлесіп шешім табуға жұмыс істеп жатыр.
"ҚазМұнайГаз" барлық санкциялық талапты толық сақтайды. Сондықтан бұл мәселені құқықтық алаң аясында мұқият қарастыруымыз қажет", – деді Асхат Хасенов.
Сондай-ақ ол Қазақстанда "Лукойл" активтерін сатып алу мәселесін мемлекет шешетінін атап өтті. Бұл "ҚазМұнайГаздың" құзыретіне кірмейді.
"Бұл біздің құзыретіміздегі мәселе емес, бұл – мемлекеттің құзыреті. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске сәйкес мемлекет бізге тиісті өкілеттік береді. Басым құқық бізде емес, оны пайдалану немесе пайдаланбау туралы шешімді біз қабылдамаймыз", – деді ол.
Былтыр шілде айында "ҚазМұнайГаз" басшысы Қаламқас-теңіз және Хазар жобасы бойынша инвестициялық шешім 2025 жылы қабылданады деп жоспарланып отырғанын айтқан. Алайда кейін АҚШ "Лукойлға" қарсы санкциялар енгізді.
Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарында жыл сайын шамамен 4 млн тонна шикізат өндіру жоспарланған. Жобаға "Лукойл" мен "ҚазМұнайГаз" 50/50 үлеспен қатысады.