https://sputnik.kz/20260402/oskemende-politsiya-balasyn-baqpagan-akeni-zhayau-qaldyrdy-62365169.html
Өскеменде полиция баласын бақпаған әкені жаяу қалдырды
Өскеменде полиция баласын бақпаған әкені жаяу қалдырды
Sputnik Қазақстан
Жүргізушінің бала алдындағы жалпы берешегі 2,5 миллион теңгеге жеткен 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T18:36+0500
2026-04-02T18:36+0500
2026-04-02T18:36+0500
алимент
жол талғамайтын көлік
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында баласына алимент төлемей жүрген ер адамның жол талғамайтын көлігін полиция уақытша алып қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Рейд кезінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 42 жастағы қала тұрғыны анықталды. Оның бала алдындағы жалпы берешегі шамамен 2,5 миллион теңгені құрайды. Бұған дейін алиментті өндіріп алуға қатысты сот шешімі шыққан. Бірақ ер адам оны елемей жүрген. Оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдануға тура келді.Полиция борышкерді көшеде ұстап, көлігін мамандандырылған тұраққа апарып қойды. Көлік алимент бойынша берешек толық өтелгенге дейін сол жерде болады.Айта кетері, жыл басынан бері облыста сот актілерін орындаудан жалтарған 45 борышкер анықталса, олардың 28-і – алимент бойынша берешегі барлар. Олардың әрқайсысына қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр.
https://sputnik.kz/20260326/aliment-toleymey-shetelge-qashyp-ketken-qazaqstandyqtardyn-qaryzy---47-mln-tenge-62165254.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алимент, жол талғамайтын көлік
алимент, жол талғамайтын көлік
Өскеменде полиция баласын бақпаған әкені жаяу қалдырды
Жүргізушінің бала алдындағы жалпы берешегі 2,5 миллион теңгеге жеткен
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында баласына алимент төлемей жүрген ер адамның жол талғамайтын көлігін полиция уақытша алып қойды, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан Polisia.kz
сайтына сілтеме жасап.
Рейд кезінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 42 жастағы қала тұрғыны анықталды. Оның бала алдындағы жалпы берешегі шамамен 2,5 миллион теңгені құрайды. Бұған дейін алиментті өндіріп алуға қатысты сот шешімі шыққан. Бірақ ер адам оны елемей жүрген. Оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдануға тура келді.
Полиция борышкерді көшеде ұстап, көлігін мамандандырылған тұраққа апарып қойды. Көлік алимент бойынша берешек толық өтелгенге дейін сол жерде болады.
Айта кетері, жыл басынан бері облыста сот актілерін орындаудан жалтарған 45 борышкер анықталса, олардың 28-і – алимент бойынша берешегі барлар. Олардың әрқайсысына қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданып жатыр.