https://sputnik.kz/20260402/mama-men-zharyqqa-qaray-bara-zhatyrmyn-qaragandyda-zhogalgan-zhasospirim-aman-esen-tabyldy-62358858.html
"Мама, 60 секундым қалды": Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды
"Мама, 60 секундым қалды": Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды
Sputnik Қазақстан
Бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, адасып қалғанын айтқан 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T14:03+0500
2026-04-02T14:03+0500
2026-04-02T15:06+0500
қарағанды
жоғалып кетті
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/697/88/6978871_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_c56fdfc5ff0aa13dbc1072ca02e3d286.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Жеткіншектің анасы Айжан Нақышева оқиға туралы айтып берді.Жасөспірім 1 сәуір түстен кейін достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, адасып қалғанын айтқан.Бала сол сәт бағытынан жаңылып, жолда адасып қалған."Мама, мен жарыққа қарай жүріп бара жатырмын, бірақ өте алыс" деді. Уатсаптан осының бәрін дауыстық хабарлама арқылы жіберді. Ол үйге қайту үшін Қарабастан Абайға қалай жүрген", - дейді жасөспірімнің анасы.Баланың үстінде жылы киімі де болмаған. Бір ғана футболкамен жүрген ол түнде қатты тоңған."Тілінің бәрі кеберсіп кеткен. "Мама, мен біресе ұйықтап кетем, біресе оянамын, қорықтым" деді. Ол адасқан күйі Абайдан асып кеткен. "Мама, мен жарыққа қарай кетіп бара жатырмын" дегенді жазды, содан ұялы телефоны өшіп қалды. Мен таксиге отыра салып, 27-ші үй жаққа шықтым. Ол маған "Ұялы телефоным 60 секундтан кейін өшеді, сіз маған фонарикпен қолыңызды бұлғаңыз" деді", - дейді Айжан Нақышева.Баланың бұған дейін үйден кетіп қалатын қылығы болмаған. Тәртіпті, тілалғыш бала. Айжан Нақышева тіпті балгерлерге де хабарласып, баланың жүрген жерін болжап беруді сұраған.Абырой болғанда жасөспірім аман-есен табылды.Шөлдегенде шалшық су ішкен, содан болар кеудем ауырады дейді, шаршап-қалжыраған, дейді баланың анасы.Баланың жоғалғаны туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 2 сәуір күні сағат 02:40-та хабарлама түскен.Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. "Хабар түскен сәттен бастап дереу дабыл жарияланып, Абай қаласының полиция басқармасы мен Топар полиция бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Алғашқы минуттардан-ақ күштер мен құралдар тиімді үйлестіріліп, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жақын маңдағы аумақтар мұқият тексеріліп, ықтимал бағыттар жан-жақты пысықталды", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.Қиын қолжетімді аумақтарды барлау үшін ТЖД-ның тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылған.
https://sputnik.kz/20260224/ulytau-oblysynda-zhogalyp-ketken-malshylar-tabyldy-61397010.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/697/88/6978871_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_493b78431472c17780c9027c7fe0b711.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қарағанды, жоғалып кетті, төтенше жағдай
қарағанды, жоғалып кетті, төтенше жағдай
"Мама, 60 секундым қалды": Қарағанды облысында жоғалған жасөспірім табылды
14:03 02.04.2026 (жаңартылды: 15:06 02.04.2026) Бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, адасып қалғанын айтқан
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Жеткіншектің анасы Айжан Нақышева оқиға туралы айтып берді.
Жасөспірім 1 сәуір түстен кейін достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, адасып қалғанын айтқан.
"Үй тапсырмасын орындайтын уақыт болды, қайт үйге" дедім. "Ия, мама, үйге қайтамын" деді. Біраз уақыт өткен соң "мама, мен біраз жүгіріп, спортпен шұғылдансам деп едім" деді. "Қайдағы спорт, қайт үйге, сағат жеті болды" дедім. Бес минуттан кейін қайта хабарласты, Қарабас жақтан келе жатқан болуы керек, бір досым велоиспедпен кетіп қалды, бір досым Қарабас жаққа кетіп қалды, мен жалғыз келе жатырмын деді", - дейді жоғалып табылған жасөспірімнің анасы Айжан Нақышева.
Бала сол сәт бағытынан жаңылып, жолда адасып қалған.
"Мама, мен жарыққа қарай жүріп бара жатырмын, бірақ өте алыс" деді. Уатсаптан осының бәрін дауыстық хабарлама арқылы жіберді. Ол үйге қайту үшін Қарабастан Абайға қалай жүрген", - дейді жасөспірімнің анасы.
Баланың үстінде жылы киімі де болмаған. Бір ғана футболкамен жүрген ол түнде қатты тоңған.
"Тілінің бәрі кеберсіп кеткен. "Мама, мен біресе ұйықтап кетем, біресе оянамын, қорықтым" деді. Ол адасқан күйі Абайдан асып кеткен. "Мама, мен жарыққа қарай кетіп бара жатырмын" дегенді жазды, содан ұялы телефоны өшіп қалды. Мен таксиге отыра салып, 27-ші үй жаққа шықтым. Ол маған "Ұялы телефоным 60 секундтан кейін өшеді, сіз маған фонарикпен қолыңызды бұлғаңыз" деді", - дейді Айжан Нақышева.
Баланың бұған дейін үйден кетіп қалатын қылығы болмаған. Тәртіпті, тілалғыш бала. Айжан Нақышева тіпті балгерлерге де хабарласып, баланың жүрген жерін болжап беруді сұраған.
Абырой болғанда жасөспірім аман-есен табылды.
Шөлдегенде шалшық су ішкен, содан болар кеудем ауырады дейді, шаршап-қалжыраған, дейді баланың анасы.
Баланың жоғалғаны туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 2 сәуір күні сағат 02:40-та хабарлама түскен.
"2 сәуір 12.05-те мобильді топтар баланы Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы даладан тапты. Медициналық көмек қажет болмады. Айта кету керек, баланың жоғалғаны туралы хабарлама оның соңғы байланысқа шыққан уақытынан бірнеше сағат өткен соң түскен, бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты", - дейді құтқарушылар.
Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
"Хабар түскен сәттен бастап дереу дабыл жарияланып, Абай қаласының полиция басқармасы мен Топар полиция бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Алғашқы минуттардан-ақ күштер мен құралдар тиімді үйлестіріліп, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жақын маңдағы аумақтар мұқият тексеріліп, ықтимал бағыттар жан-жақты пысықталды", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Қиын қолжетімді аумақтарды барлау үшін ТЖД-ның тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылған.