"Ешқандай күмән болмасын": министрдің орынбасары Нұрайдың өлімі бойынша мәлімдеме жасады

© Photo : пресс-служба МВД КазахстанаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2026
Жазылу
Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша сараптамалар жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Нұрайдың өлімі бойынша жауапқа тартылған күдіктіні психиатариялық клиникаға жатқызуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Шымкент қаласының полициясы күдіктінің психиатариялық клиникаға жатқызылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Оған екі рет сот-психиатриялық сараптама жасалды. Соның нәтижесінде психикалық бұзылыстар анықталды. Күдікті мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың айтуынша, қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша сараптамалар жүргізіліп жатыр.
"Сараптамалардың қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады. Ал күдікті жазаға тартылады. Бұл жөнінде ешқандай күмәндарыңыз болмасын", - деді Әленов журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, сараптама кезінде күдіктінің ақыл-есі дұрыстығы да тексеріледі.
"Бір айдың ішінде тексеріс жасайды. Сараптаманың нәтижесін алған бойда қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", - деді Әленов.
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
Нұрайдың өлімі: Шымкент полициясының басшысы қызметінен босатылды
Жаңалықтар
0