https://sputnik.kz/20260402/aqtauda-zhukti-ayelderge-zansyz-zhardemaqy-aluga-komektesken-bukhgalter-sottaldy-62345282.html
Ақтауда жүкті әйелдерге заңсыз жәрдемақы алуға көмектескен бухгалтер сотталды
Ақтауда жүкті әйелдерге заңсыз жәрдемақы алуға көмектескен бухгалтер сотталды
Sputnik Қазақстан
Жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T09:48+0500
2026-04-02T09:48+0500
2026-04-02T09:48+0500
жүктілік
ақтау
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.Бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындап, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған көрініс қалыптастырған.Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.Кейбір кәсіпкерлер төлемдерді алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кері қайтаруды рәсімдеген.Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа үш бөлмелі пәтер сатып алынып, тергеу барысында оған тыйым салынды.Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260401/azhyrasyp-ketse-de-mazasyn-algan-astanada-tagy-bir-stalker-sottaldy-62329211.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүктілік, ақтау, жәрдемақы
жүктілік, ақтау, жәрдемақы
Ақтауда жүкті әйелдерге заңсыз жәрдемақы алуға көмектескен бухгалтер сотталды
Жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
"Қатысушыларды тарту үшін әлеуметтік желі арқылы өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жөніндегі маман ретінде таныстырып, жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен. Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкер тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындап, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған көрініс қалыптастырған.
Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.
Кейбір кәсіпкерлер төлемдерді алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кері қайтаруды рәсімдеген.
Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа үш бөлмелі пәтер сатып алынып, тергеу барысында оған тыйым салынды.
Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.