https://sputnik.kz/20260401/turkistan-oblysynda-akesin-ayausyz-urgan-er-adamnyn-zhaza-merzimi-ozgerdi-62323812.html
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның жаза мерзімі өзгерді
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның жаза мерзімі өзгерді
Sputnik Қазақстан
Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған 01.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-01T13:35+0500
2026-04-01T13:35+0500
2026-04-01T13:35+0500
түркістан облысы
сот үкімі
ұрып-соғу
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім өзгерді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Оған прокуратураның келтірген апелляциялық өтініш хаты себеп болған.Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған. Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, ер адам жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, тағайындалған жазаның мөлшерін жан-жақты, толық және объективті түрде зерделеген.Екінші үкім 31 наурызды шықты. Әкесін ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.Еске сала кетейік, Түркістан облысы Қоссейіт ауылында ер адам әкесін ұдайы аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамды дүр сілкінтті. Кейіннен ер адамның танымал тамада екені белгілі болды. Айта кетейік, баласынан соққы жеп көз жұмған әкенің жасы жетпісте болған. Бйнежазбада қартты ұрып жатқанда келіні қарап тұрғаны түсірілген. Бейнежазбаны көршілері түсіріп алған.Кейіннен әйелдің де үстінен қылмыстық іс қозғалды.Бірінші сатыдағы сот үкімі 16 қаңтарда шықты.
https://sputnik.kz/20250907/turkistan-oblysynda-akesin-ayausyz-urgan-er-adam-qamauga-alyndy-56882933.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, сот үкімі, ұрып-соғу
түркістан облысы, сот үкімі, ұрып-соғу
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның жаза мерзімі өзгерді
Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім өзгерді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Оған прокуратураның келтірген апелляциялық өтініш хаты себеп болған.
Бірінші сатылы сот ер адамды биыл 16 қаңтарда 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырған. Сот алқасы апелляциялық тәртіпте істі қарап, ер адам жасаған қылмысының сипаты мен қоғамдық қауіптілігін, тағайындалған жазаның мөлшерін жан-жақты, толық және объективті түрде зерделеген.
"Сотталған адамның жасаған қылмысы қоғам үшін өте ауыр оқиғалардың бірі. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, оны қинап, ұдайы ұрып-соғып, психикалық зардап шеккізген. Барынша арсыздықпен, аса қатыгездікпен, өзінің туған әкесінің денсаулығына қасақана орта деңгейде жарақат салған. Бірнеше уақыт қинап келген. Жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін құқық қорғау органдарына хабарламай, жерлеп тастаған. Бұл - жаза мөлшерін ұлғайтуға толық негіз", - дейді сотта.
Екінші үкім 31 наурызды шықты. Әкесін ұрып өлтірген ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, Түркістан облысы Қоссейіт ауылында ер адам әкесін ұдайы аяусыз
ұрып-соққан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамды дүр сілкінтті. Кейіннен ер адамның танымал тамада екені белгілі болды. Айта кетейік, баласынан соққы жеп көз жұмған әкенің жасы жетпісте болған. Бйнежазбада қартты ұрып жатқанда келіні қарап тұрғаны түсірілген. Бейнежазбаны көршілері түсіріп алған.
Кейіннен әйелдің де үстінен қылмыстық іс
қозғалды.
Бірінші сатыдағы сот үкімі 16 қаңтарда
шықты.