https://sputnik.kz/20260401/tarazda-oqushy-akesin-sotqa-berip-aliment-ondirip-aldy-62315187.html
Таразда оқушы әкесін сотқа беріп, алимент өндіріп алды
Таразда оқушы әкесін сотқа беріп, алимент өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
Сот шешімі шыққан күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққан, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әке құқығын рәсімдегені белгілі болған 01.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-01T10:27+0500
2026-04-01T10:27+0500
2026-04-01T10:33+0500
тараз
оқушы
алимент
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_0:0:4000:2251_1920x0_80_0_0_51cb5dd60cf0adc02cbc9b18f90f7a30.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Таразда оқушы әкесін сотқа беріп, ай сайын 68 мың теңге алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.Оқушы жекеменшік мектепте 11-сыныпта оқиды. 2008 жылы оқушының әкесі екі баласына, оның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы арыз жазып, оны нотариалды түрде куәландырған.Қаржылық қиындыққа тап болдым деген жасөспірім сотқа жүгінген. Айтуынша, оқушының барлық шығынын әжесі төлейді. Қалған ақша ішіп-жемнен артылмаған."Сотта әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды ғана сұрады. Айтуынша, басқа некеден туған төрт баласы бар. Онымен қоса несиелері барын айтты. Алайда оның еңбекке қабілетті және бірнеше кәсіпорыннан табыс табатыны анықталды", - дейді сотта.Сот шешімі шыққан күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққан, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әке құқығын рәсімдегені белгілі болған. Сот мұны алимент мөлшерін жасанды түрде төмендету деп таныды."Тараз қалалық соты әкеден қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 66 844 теңге мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды. Әкесі бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданған. Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.Сот актілері заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260326/aliment-toleymey-shetelge-qashyp-ketken-qazaqstandyqtardyn-qaryzy---47-mln-tenge-62165254.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/95/7819525_313:0:3774:2596_1920x0_80_0_0_7d86776e6e96bc3c9abe05311cf2e794.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, оқушы, алимент
Таразда оқушы әкесін сотқа беріп, алимент өндіріп алды
10:27 01.04.2026 (жаңартылды: 10:33 01.04.2026) Сот шешімі шыққан күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққан, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әке құқығын рәсімдегені белгілі болған
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Таразда оқушы әкесін сотқа беріп, ай сайын 68 мың теңге алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.
Оқушы жекеменшік мектепте 11-сыныпта оқиды. 2008 жылы оқушының әкесі екі баласына, оның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы арыз жазып, оны нотариалды түрде куәландырған.
"2018 жылы қыздың анасы мен ағасы қайтыс болған. Қазіргі уақытта ол әжесімен бірге тұрады, яғни әжесінің асырауында. Әкесі ешқандай материалдық көмек көрсетпеген, қарым-қатынастан қашқан. Ал көмек сұраған кезде қызының телефон нөмірін бұғаттап отырған", - дейді сотта.
Қаржылық қиындыққа тап болдым деген жасөспірім сотқа жүгінген. Айтуынша, оқушының барлық шығынын әжесі төлейді. Қалған ақша ішіп-жемнен артылмаған.
"Сотта әкесі талапты ішінара қанағаттандыруды ғана сұрады. Айтуынша, басқа некеден туған төрт баласы бар. Онымен қоса несиелері барын айтты. Алайда оның еңбекке қабілетті және бірнеше кәсіпорыннан табыс табатыны анықталды", - дейді сотта.
Сот шешімі шыққан күні жауапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шыққан, ал оған дейін көп ұзамай тағы төрт балаға әке құқығын рәсімдегені белгілі болған. Сот мұны алимент мөлшерін жасанды түрде төмендету деп таныды.
"Тараз қалалық соты әкеден қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 66 844 теңге мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды. Әкесі бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданған. Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", - деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Сот актілері заңды күшіне енді.