Талантты жастар арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тартылады - заң мақұлданды

© Photo : Нацгвардия КазахстанаНацгвардия продемонстрировала элементы национальной одежды в своей военной форме
Нацгвардия продемонстрировала элементы национальной одежды в своей военной форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
IT-мамандарды тартуда икемді тәсілдерді қолдану мемлекеттік институттардың инновацияларды тезірек енгізуіне және цифрлық дамудың тиімділігін арттыруына мүмкіндік береді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Мәжіліс ақпараттық технологиялар саласындағы талантты жастарды арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тартуды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Болат Керімбектің айтуынша, бүгінде интернет-қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу аса маңызды. Әр адамның жеке дерегі, қаржысы мен күнделікті цифрлық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
"Ал бұл қызметті тиімді атқару заманауи цифрлық құзырет пен аналитикалық дағдылары бар жоғары білікті кадрларсыз мүмкін емес. Сондықтан заң жобасында IT саласындағы талантты жастарды, қабілетті мамандарды арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тарту тетігі ұсынылады", - деді Керімбек мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, IT-мамандарды тартуда икемді тәсілдерді қолдану мемлекеттік институттардың инновацияларды тезірек енгізуіне және цифрлық дамудың тиімділігін арттыруына мүмкіндік береді. Оны халықаралық тәжірибе де растап отыр.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Әкімдіктер креативті адамдарға жағдай жасайды - заң мақұлданды
Жаңалықтар
0