Қостанайда полицейді аяусыз ұрып-соққандар қамауға алынды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қостанайда тал түсте полицейді аяусыз соққыға жыққан үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық кодекстің 3-тармағының 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Кейіннен бұл қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 4-тармағының 380-бабы 6-бөлігі бойынша сараланды. Оның санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді", - дейді полиция.
Қостанай облыстық соты 3 күдіктіні 2 айға қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, оқиға 28 наурызда болған. Полиция қызметкері жұмыстан тыс уақытта балаларымен қыдыдырып жүрген. Қоғамдық орында масаң күйде агрессивті жүрген азаматтарды көріп, ескерту жасаған. Алайда олар полицейді соққыға жыққан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды.
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Қостанайда бір топ адам полиция қызметкерін аяусыз соққыға жықты
Жаңалықтар
0