Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Песков Украина келіссөздеріндегі үзіліске қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуДмитрий Песков
Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Жазылу
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен келіссөздердің үш кезеңін өткізді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Украина бойынша үшжақты келіссөздердегі үзіліс Украина Қарулы күштерінің Донбастан шығарылу шартының орындалатынына байланысты емес, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Журналистер Путиннің баспасөз хатшысынан Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздердегі үзіліс Украина Қарулы күштерінің Донбастан шығарылу шартының орындалатынына байланысты ма деп сұраған болатын.
"Жоқ, онымен байланысты емес. Үзіліс америкалық келіссөз жүргізушілердің қазіргі уақытта басқа мәселелермен, Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәселелермен айналысып жатқанына байланысты. Сондықтан олар қазір Украина мәселелері бойынша үшжақты келіссөздерге белсенді қатыса алмайды", - деді Песков .
15 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина бойынша келіссөздер тоқтатылғанын, АҚШ басқа мәселелерге назар аударғанын хабарлады. Кейінірек ол Ресей келіссөздердің жаңа кезеңін күтетінін, бірақ орны мен уақыты айқын себептермен әлі анықталмағанын айтты.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен келіссөздердің үш кезеңін өткізді. Соңғы кезеңін 17-18 ақпанда Женевада өтті.
Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық - Песков
Жаңалықтар
0