Жаңа форматтағы ҰБТ-ның атауы болады
12:51 31.03.2026 (жаңартылды: 13:04 31.03.2026)
Жазылу
Жаңа форматтағы тестті кезең-кезеңімен енгізетін болады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде тест әзірлеу жағынан әлемдегі үздік компания - Educational Testing Service-пен (ETS) бірлескен жұмыс басталды. Тесттің жаңа форматы жасалады.
"Бұл тест жәй ортақ балл, мысалы, 133 балл жинайтын тест болмайды. Ол әртрүрлі модульдерге бөлінеді. AIT - "Admission inside test", оны осылай атады. Қазіргі кезде әлемнің ең мықты тестологтары біздің мамандармен бірге осы тестті әзірлеп жатыр. Келесі жылы оны сынақтан өткізіп көреміз", - деді Нұрбек үкіметтегі брифингте.
Министрдің айтуынша, жаңа форматтағы тестті кезең-кезеңімен енгізетін болады. Сонда түлектер оны жан-жақты түсініп алады.

