https://sputnik.kz/20260331/ukraina-uzaq-uaqyt-boyy-turaqsyz-onir-bolyp-qala-beredi--rumyniya-premeri-62304976.html
Украина ұзақ уақыт бойы тұрақсыз өңір болып қала береді – Румыния премьері
Украина ұзақ уақыт бойы тұрақсыз өңір болып қала береді – Румыния премьері
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Украина алдағы көптеген жыл бойы "тұрақсыз өңір" болып қала береді, бұл Еуроодақтың шығыс шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтуді... 31.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-31T19:16+0500
2026-03-31T19:16+0500
2026-03-31T19:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/01/59252030_51:402:2943:2029_1920x0_80_0_0_546c15dea6123497836e33e5db03794a.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Украина алдағы көптеген жыл бойы "тұрақсыз өңір" болып қала береді, бұл Еуроодақтың шығыс шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтуді талап етеді. Бұл туралы сейсенбі күні Economist тобы ұйымдастырған дөңгелек үстелде Румыния премьер-министрі Илие Боложан мәлімдеді.Боложанның мәлімдемесі "Оңтүстік-Шығыс Еуропаның келесі серпілісі" атты пікірталас аясында жасалды. Премьердің сөзі Румыния үкіметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.Премьер аумақты шекаралас аудандарды экономикалық тұрғыдан дамыту арқылы қорғау қажеттігін атап өтті, өйткені қауіпсіздіктің әскери және экономикалық құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты.Румынияның Украинамен ортақ шекарасының ұзындығы 600 шақырымнан асады. 2024 жылдан бастап Бухарест әскери инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға кірісті. Оның аясында "Михаил Когэлничану" авиабазасын кеңейту қарастырылған. 2030 жылға қарай бұл нысан Еуропадағы НАТО-ның ең ірі әскери хабына айналады деп жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/01/59252030_228:136:2777:2048_1920x0_80_0_0_4215424c256aa3943e4681b0ef3b5a29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина ұзақ уақыт бойы тұрақсыз өңір болып қала береді – Румыния премьері
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Украина алдағы көптеген жыл бойы "тұрақсыз өңір" болып қала береді, бұл Еуроодақтың шығыс шекарасындағы қауіпсіздікті күшейтуді талап етеді. Бұл туралы сейсенбі күні Economist тобы ұйымдастырған дөңгелек үстелде Румыния премьер-министрі Илие Боложан мәлімдеді.
Боложанның мәлімдемесі "Оңтүстік-Шығыс Еуропаның келесі серпілісі" атты пікірталас аясында жасалды. Премьердің сөзі Румыния үкіметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
"Еуропа алдағы жылдары Украина аймақ үшін тұрақсыз өңір болатынын ескеруі керек. Осы тұрғыдан алғанда, (ЕО-ның – ред.) шығыс шекара анағұрлым қуатты әрі күшейтілген болуға тиіс", – деді Боложан.
Премьер аумақты шекаралас аудандарды экономикалық тұрғыдан дамыту арқылы қорғау қажеттігін атап өтті, өйткені қауіпсіздіктің әскери және экономикалық құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты.
"Шығыс шекараны әскери қауіпсіздік пен экономиканы қатар дамыту арқылы ғана нығайтуға болады, өйткені бірінсіз бірі жұмыс істемейді. Қауіпсіздігі жеткіліксіз өңірге ешкім ауқымды инвестиция құймайды", – деді Румыния премьер-министрі.
Румынияның Украинамен ортақ шекарасының ұзындығы 600 шақырымнан асады. 2024 жылдан бастап Бухарест әскери инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға кірісті. Оның аясында "Михаил Когэлничану" авиабазасын кеңейту қарастырылған. 2030 жылға қарай бұл нысан Еуропадағы НАТО-ның ең ірі әскери хабына айналады деп жоспарланып отыр.