https://sputnik.kz/20260331/talapqa-say-emes-eldegi-270-emshara-kabineti-zhumysyn-toqtatty-62286600.html
Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты
Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты
Sputnik Қазақстан
408 жеке емшара кабинетінің тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды 31.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-31T09:53+0500
2026-03-31T09:53+0500
2026-03-31T09:55+0500
денсаулық сақтау министрлігі
емхана
талап
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_b2e8fd27eadeb6c7551dab444252ebdc.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Заңсыз медициналық қызмет көрсетуді анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстары жалғастыруда, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Мониторинг барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:Жалпы 147 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20260226/tis-emkhanasynan-qoldanuga-ruqsaty-zhoq-sheteldik-dari-darmekter-tabyldy-61462593.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/40/9834032_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_22139f71dc22c506209755eca93cb979.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, емхана, талап
денсаулық сақтау министрлігі, емхана, талап
Талапқа сай емес: елдегі 270 жеке емшара кабинеті жұмысын тоқтатты
09:53 31.03.2026 (жаңартылды: 09:55 31.03.2026) 408 жеке емшара кабинетінің тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Заңсыз медициналық қызмет көрсетуді анықтау мақсатында республика бойынша жеке емшара кабинеттеріне тексеру жұмыстары жалғастыруда, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Мониторинг барысында 1900 жеке емшара кабинетінің 408-і тиісті лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталды.
"Уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижесінде 270 емшара кабинеті өз қызметін ерікті түрде тоқтатты. Бірқатар субъекті қызметін заңдастыруға дайын екенін білдіріп, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуге кірісті. 116 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер басталды", - дейді министрлікте.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар:
медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау;
дәрілік заттарды сақтау шарттарының бұзылуы;
білікті медициналық персоналдың болмауы;
шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті жиынтықтардың болмауы.
Жалпы 147 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды.