Шымкенттен Қарағандыға тікелей әуе рейсі іске қосылады

© Photo : Пресс-служба Air Astana Шымкент әуежайы
Шымкент әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
26 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясының ұшақтары аптасына екі рет ұшады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Қарағандыға тікелей рейстердің іске қосылатынын хабарлады.
Ұшулар 26 мамырдан бастап аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшу уақыты екі сағатты құрайды.
Бұған дейін SCAT Шымкенттен Новосібір мен Тюменьге де аптасына екі рет, сәйкесінше 18 және 19 мамырдан бастап тікелей рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері Шымкенттен Санкт-Петербургке тұрақты рейстер орындалады.
SCAT ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Шымкенттен Санкт-Петербургке тікелей әуе рейсі іске қосылады
Жаңалықтар
0