https://sputnik.kz/20260331/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-31-nauryz-62249255.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 31 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 31 наурыз
Sputnik Қазақстан
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 90-шы күн. Жыл соңына дейін 275 күн бар. 31.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-31T00:01+0500
2026-03-31T00:01+0500
2026-03-31T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/966/79/9667964_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_cdd6855fd3fcf8db4529c0376e42ec53.jpg
31 наурызда не болғанын білесіз бе?Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.31 наурызда қандай қызықты оқиға болдыБүгін Халықаралық резервтік көшіру күні. Әрбір адам өмірінде бір рет болса да, электронды тасымалдаушыдағы деректі жоғалтады. Ақпараттың жойылуын болдырмау үшін ерекше атау берілген Бэкап күні аталып өтеді. Бэкап дегеніміз – электронды тасымалдаушыдағы маңызды құжаттардың көшірмесін резервтік сақтау әдісі. Ол негізгі тасымалдаушыдан жойылып кеткен ақпаратты қорғайды. Бұл күні пайдаланушылар өз компьютеріндегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау керек. Мұны арнайы бағдарламалардың көмегімен жасауға болады. Қазір мұндай бірнеше бағдарлама бар. Маңызды ақпаратыңызды қорғаңыз! Бұл үшін білікті маманның көмегін сұрауға болады.Сондай-ақ, бүгін Ұлыбританияда ана күні (Mother's Day) аталып өтеді. Бұл мейрам викториан заманынан бастау алады. Ол кезде үйден жырақта жұмыс істейтін балалар өз табыстарын отбасына жіберетін. Балаларға жылына бір күнді ата-аналарымен өткізуге рұқсат берілді. Олар, әдетте, аналары мен әжелеріне шағын сыйлық тарту еткен. Қазір британдықтар аналарына гүл сыйлап, үй шаруасын істеуге көмектеседі.Бүгін Түрікменстанда химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мейрам 2017 жылдан бастап тойланады. Бұл күні елдегі ірі химиялық кәсіпорын іске қосылған. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Түрікменстанда мерекелік концерт өтіп, сала үздіктері марапатталады. Бұл елдегі химия саласының өнімі ауыл шаруашылығы, медицина, электр құрылғылары, шыны, қағаз, тұрмыстық химия сынды өнеркәсіпте пайдаланылады.31 наурыз күні Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады.31 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар1889 жылы Париждегі Эйфель мұнарасы салтанатты түрде ашылды;1900 жылы Американың "Saturday Evening Post" жалпыұлттық газетінде көліктің тұңғыш жарнамасы шықты;1901 жылы алғашқы "Mercedes-Benz " көлігі шығарылды;1999 жылы "Матрица" фильмі көрерменге жол тартты.31 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1998 жылы Қазақстандағы алғашқы директ-маркетингтік компаниялардың бірі - "Азия Директ" құрылды;2006 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды;2008 жылы елордалық "Фолиант" баспасы семейлік журналист Дәулет Сейсенұлының "Шәкәрім" кітабын басып шығарды.31 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар1685 жылы неміс композиторы, барокко дәуірінің өкілі Иоганн Себастьян Бах дүниеге келді;1882 жылы орыс ақыны, публицист, әдебиет сыншысы, жазушы Корней Чуковский дүниеге келді;1890 жылы ағылшын физигі, Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Лоренс Брэгг дүниеге келді;1948 жылы ресейлік әзілқой, әнші, тележүргізуші Владимир Винокур дүниеге келді.1954 жылы латвиялық әнші, актриса Лайма Вайкуле дүниеге келді;31 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді1948 жылы композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Композиторлар одағының мүшесі, "Шоқан Уәлиханов" фильміндегі музыкасы үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған Алмас Серкебаев дүниеге келді;1954 жылы қазақстандық ғалым, тарихшы, мемлекет қайраткері Қамал Бұрханов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/966/79/9667964_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_6b0acb06877861064108a0b3ddd52c25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 31 наурыз
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 90-шы күн. Жыл соңына дейін 275 күн бар.
31 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
31 наурызда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін Халықаралық резервтік көшіру күні. Әрбір адам өмірінде бір рет болса да, электронды тасымалдаушыдағы деректі жоғалтады. Ақпараттың жойылуын болдырмау үшін ерекше атау берілген Бэкап күні аталып өтеді. Бэкап дегеніміз – электронды тасымалдаушыдағы маңызды құжаттардың көшірмесін резервтік сақтау әдісі. Ол негізгі тасымалдаушыдан жойылып кеткен ақпаратты қорғайды. Бұл күні пайдаланушылар өз компьютеріндегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау керек. Мұны арнайы бағдарламалардың көмегімен жасауға болады. Қазір мұндай бірнеше бағдарлама бар. Маңызды ақпаратыңызды қорғаңыз! Бұл үшін білікті маманның көмегін сұрауға болады.
Сондай-ақ, бүгін Ұлыбританияда ана күні (Mother's Day) аталып өтеді. Бұл мейрам викториан заманынан бастау алады. Ол кезде үйден жырақта жұмыс істейтін балалар өз табыстарын отбасына жіберетін. Балаларға жылына бір күнді ата-аналарымен өткізуге рұқсат берілді. Олар, әдетте, аналары мен әжелеріне шағын сыйлық тарту еткен. Қазір британдықтар аналарына гүл сыйлап, үй шаруасын істеуге көмектеседі.
Бүгін Түрікменстанда химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мейрам 2017 жылдан бастап тойланады. Бұл күні елдегі ірі химиялық кәсіпорын іске қосылған. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Түрікменстанда мерекелік концерт өтіп, сала үздіктері марапатталады. Бұл елдегі химия саласының өнімі ауыл шаруашылығы, медицина, электр құрылғылары, шыны, қағаз, тұрмыстық химия сынды өнеркәсіпте пайдаланылады.
31 наурыз күні Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады.
31 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1889 жылы Париждегі Эйфель мұнарасы салтанатты түрде ашылды;
1900 жылы Американың "Saturday Evening Post" жалпыұлттық газетінде көліктің тұңғыш жарнамасы шықты;
1901 жылы алғашқы "Mercedes-Benz " көлігі шығарылды;
1999 жылы "Матрица" фильмі көрерменге жол тартты.
31 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1998 жылы Қазақстандағы алғашқы директ-маркетингтік компаниялардың бірі - "Азия Директ" құрылды;
2006 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды;
2008 жылы елордалық "Фолиант" баспасы семейлік журналист Дәулет Сейсенұлының "Шәкәрім" кітабын басып шығарды.
31 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1685 жылы неміс композиторы, барокко дәуірінің өкілі Иоганн Себастьян Бах дүниеге келді;
1882 жылы орыс ақыны, публицист, әдебиет сыншысы, жазушы Корней Чуковский дүниеге келді;
1890 жылы ағылшын физигі, Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Лоренс Брэгг дүниеге келді;
1948 жылы ресейлік әзілқой, әнші, тележүргізуші Владимир Винокур дүниеге келді.
1954 жылы латвиялық әнші, актриса Лайма Вайкуле дүниеге келді;
31 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді
1948 жылы композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Композиторлар одағының мүшесі, "Шоқан Уәлиханов" фильміндегі музыкасы үшін Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған Алмас Серкебаев дүниеге келді;
1954 жылы қазақстандық ғалым, тарихшы, мемлекет қайраткері Қамал Бұрханов дүниеге келді.