https://sputnik.kz/20260331/ayagozdik-oqushy-plastik-qaldyqtardan-eko-asfalt-ondiretin-tekhnologiya-oylap-tapty-62304582.html
Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт өндіретін технология ойлап тапты
Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт өндіретін технология ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Оқушы жол бойына автономды роботтар жүйесін енгізуді де ұсынып отыр 31.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-31T21:18+0500
2026-03-31T21:18+0500
2026-03-31T21:18+0500
асфальт
оқушы
өнертапқыш
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_0:97:3297:1952_1920x0_80_0_0_baf70538da7d2dea6a9b65b59491907f.jpg
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Абай облысының Аягөз қаласында 10-сынып оқушысы Аружан Қабдулмаратова қайта өңделген пластикті пайдалана отырып, "Эко-асфальт" технологиясын әзірледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Жас ғалым жобамен 7-сыныптан бастап айналысып, бірнеше жыл бойына жүйелі түрде дамытқан. Нәтижесінде тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеп, оны асфальт құрамына қосуға мүмкіндік беретін шешім ұсынды.Жобада қосымша жол жабынының сапасын бақылауды автоматтандыру да қарастырылған. Оқушы жол бойына автономды роботтар жүйесін енгізуді де ұсынады. Оның тұжырымдамасы бойынша, "А" роботы жол бетіндегі ақауларды анықтаса, "В" роботы оларды жедел түрде жөндейді. Бұл тәсіл жөндеу шығынын азайтуға мүмкіндік береді."Эко-асфальт" әзірлемесі пластик қалдықтарының көлемін азайтуға және жол құрылысына заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.
https://sputnik.kz/20260303/kolik-ministri-qanday-zholdar-40-zhylga-shydaytynyn-aytty-61571058.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/07/16722626_283:0:3014:2048_1920x0_80_0_0_f9acc6de4287eea3229fe7ddb258740d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асфальт, оқушы, өнертапқыш
асфальт, оқушы, өнертапқыш
Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт өндіретін технология ойлап тапты
Оқушы жол бойына автономды роботтар жүйесін енгізуді де ұсынып отыр
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Абай облысының Аягөз қаласында 10-сынып оқушысы Аружан Қабдулмаратова қайта өңделген пластикті пайдалана отырып, "Эко-асфальт" технологиясын әзірледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Жас ғалым жобамен 7-сыныптан бастап айналысып, бірнеше жыл бойына жүйелі түрде дамытқан. Нәтижесінде тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеп, оны асфальт құрамына қосуға мүмкіндік беретін шешім ұсынды.
"Асфальтқа пластик қосу оның беріктігін арттырып, пайдалану мерзімін ұзартады. Мұндай өнім өзінің пайдалану сипаттамаларын 12-18 жылға дейін, кейде 20-25 жылға дейін сақтай алады. Сонымен қатар, дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда өндіріс құны төмендейді", - дейді министрлік.
Жобада қосымша жол жабынының сапасын бақылауды автоматтандыру да қарастырылған. Оқушы жол бойына автономды роботтар жүйесін енгізуді де ұсынады. Оның тұжырымдамасы бойынша, "А" роботы жол бетіндегі ақауларды анықтаса, "В" роботы оларды жедел түрде жөндейді. Бұл тәсіл жөндеу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
"Эко-асфальт" әзірлемесі пластик қалдықтарының көлемін азайтуға және жол құрылысына заманауи шешімдерді енгізуге бағытталған.