Атырауда полицейлерден қашқан жігіт қамауға алынды – видео

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Жазылу
Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, Lada Priora автокөлігімен бой тасаламақ болған
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Атырауда полицейлерден көлікпен қашқан 18 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
28 наурыз күні Исатай ауданында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
"18 жастағы тұрғын полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, Lada Priora автокөлігімен бой тасаламақ болған. Ұсталғаннан кейін оның жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын басқару құқығынсыз басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы кесілді.
"Сонымен қатар, бейнежазбадағы полиция қызметкерлерінің әрекетіне кедергі келтіргені үшін 57 жастағы әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаға басқаруға бергені үшін автокөлік иесі де жазаланды", - дейді полицейлер.
Құқық бұзушылық жасаған 18 жастағы азаматтың оқу орнына профилактикалық шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолданды.
Жаңалықтар
0