Зейнетақының 20 процентін ұстап қалатыны рас па – министрлік мәлімдеме жасады

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұдан былай зейнетақы төлемінің 20 процентін ұстап қалатыны туралы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемі 20%-ға қысқартылады деген жалған мәлімет таратып жатқанын хабарлаймыз", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда ведомство мамандары биыл 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы 10 процентке көбейгенін еске салды. Ал 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін көтеріледі.
"Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгені құрады", - дейді министрлік қызметкерлері.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Забота - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жұманғарин неліктен зейнетақы 10 процентке ғана көтерілетінін түсіндірді
Жаңалықтар
0