https://sputnik.kz/20260330/pavlodarlyq-izdeushiler-sogysqa-qatysqan-qazaqstandyq-zhauyngerdin-kim-ekenin-anyqtady-62267034.html
Павлодарлық іздеушілер соғыста қаза болған қазақстандық жауынгердің туыстарын тапты
Павлодарлық іздеушілер соғыста қаза болған қазақстандық жауынгердің туыстарын тапты
Sputnik Қазақстан
Батырдың отбасы оның тағдыры мен жерленген жерінен 90 жыл бойы бейхабар болды 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T14:00+0500
2026-03-30T14:00+0500
2026-03-30T14:48+0500
ұлы отан соғысы
соғыс ардагері
іздеу шаралары
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53331979_0:120:1280:841_1920x0_80_0_0_6c97642589043b4f99c946ea807c3241.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу тобы соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық майдангердің тағдырын анықтады.Павел Михайлович Большаков Қостанай облысындағы Михайловка ауылында дүниеге келген. Оны 1941 жылы 17 жасында Федоровский аудандық военкоматы соғысқа шақырды, деп хабарлады іздестіру тобы.Большаковтың сүйегі мен медальонын Ресейдің "Әскери археология" бөлімшесінің іздестіру тобы Мәскеу облысының Дороховский ауданындағы Қапан ауылы маңынан тапты. Сондай-ақ Павел Михайловичтің соңғы қызмет еткен жері 82-ші мотоатқыштар дивизиясы екені хабарланды.Іздеушілер көптеген жылдар бойы негізгі мәліметтері бар медальон бланкісін тапсыру үшін туыстарын іздеген. Мәскеудегі "Әскери археология" іздестіру тобының жетекшісі Антон Торгашев қазақстандық "Майдан жолы" бөлімшесінің командирі Александр Шитовке хабарласып, сарбаздың туыстарын табуды сұрады. "Майдан жолы" бөлімшесі оның туыстарын тауып, осылайша көп жылдарға созылған іздеу жұмыстарын аяқтады. Іздеушілер Павел Михайловичтің отбасымен байланыс орнатты."Өкінішке орай, батырдың бірде-бір фотосы сақталмаған. Алайда қазір оның отбасында майдангердің ерлік жасаған жері мен ақтық орны туралы нақты мәлімет бар. Бұл оқиға іздестіру топтары жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдегендей", - дейді іздеу тобы.
https://sputnik.kz/20260115/pavlodarlyq-izdeushiler-maydangerdin-tuystaryn-tapty-60407943.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53331979_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_d9fb8851118a5a0a1674da2cb77964e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, соғыс ардагері, іздеу шаралары
ұлы отан соғысы, соғыс ардагері, іздеу шаралары
Павлодарлық іздеушілер соғыста қаза болған қазақстандық жауынгердің туыстарын тапты
14:00 30.03.2026 (жаңартылды: 14:48 30.03.2026) Батырдың отбасы оның тағдыры мен жерленген жерінен 90 жыл бойы бейхабар болды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу тобы соғыста хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық майдангердің тағдырын анықтады.
Павел Михайлович Большаков Қостанай облысындағы Михайловка ауылында дүниеге келген. Оны 1941 жылы 17 жасында Федоровский аудандық военкоматы соғысқа шақырды, деп хабарлады іздестіру тобы.
"Мұрағаттық деректерге сәйкес, ол 1942 жылдың қыркүйегінен бастап соғыста хабарсыз кеткен деп есептелді, бірақ кейінірек оның 1941 жылдың қазан айында шайқаста қаза тапқаны анықталды. Бұған дейін оның бүкіл отбасы оны қайтыс болған күні мен орнын нақты білмей, 80 жыл хабар-ошарсыз кетті деп есептеген", - деп хабарлады іздеу тобы.
Большаковтың сүйегі мен медальонын Ресейдің "Әскери археология" бөлімшесінің іздестіру тобы Мәскеу облысының Дороховский ауданындағы Қапан ауылы маңынан тапты. Сондай-ақ Павел Михайловичтің соңғы қызмет еткен жері 82-ші мотоатқыштар дивизиясы екені хабарланды.
"Ұлы Отан соғысы кезінде дивизия Мәскеу шайқасына (1941 ж. қазан айының соңы – қараша) – Полушкино, Крутицы, Ляхово ауылдары арқылы өткен сапта Кубинка деревнясының батысындағы қорғаныс шайқастарына қатысты. Кеңес әскерлерінің қарсы шабуылы мен жалпы шабуылы кезінде 1941-42 жылдары Еремино, Дорохово, Можайск, Бородино және басқа қалалар мен елді мекендер азат етілді", - деп хабарлады "Майдан жолы".
Іздеушілер көптеген жылдар бойы негізгі мәліметтері бар медальон бланкісін тапсыру үшін туыстарын іздеген. Мәскеудегі "Әскери археология" іздестіру тобының жетекшісі Антон Торгашев қазақстандық "Майдан жолы" бөлімшесінің командирі Александр Шитовке хабарласып, сарбаздың туыстарын табуды сұрады. "Майдан жолы" бөлімшесі оның туыстарын тауып, осылайша көп жылдарға созылған іздеу жұмыстарын аяқтады. Іздеушілер Павел Михайловичтің отбасымен байланыс орнатты.
"Өкінішке орай, батырдың бірде-бір фотосы сақталмаған. Алайда қазір оның отбасында майдангердің ерлік жасаған жері мен ақтық орны туралы нақты мәлімет бар. Бұл оқиға іздестіру топтары жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдегендей", - дейді іздеу тобы.