https://sputnik.kz/20260330/eurokomissiya-ukraina-qorganys-onerkasibin-qoldau-bagdarlamasyn-bekitti-62279296.html
Еурокомиссия Украина қорғаныс өнеркәсібін қолдау бағдарламасын бекітті
Еурокомиссия Украина қорғаныс өнеркәсібін қолдау бағдарламасын бекітті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Еуропалық комиссия (ЕК) Украина мен Еуропаның қорғаныс өнеркәсібін қолдауға 1,5 миллиард еуро бөлуді қарастыратын жұмыс... 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T21:00+0500
2026-03-30T21:00+0500
2026-03-30T21:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Еуропалық комиссия (ЕК) Украина мен Еуропаның қорғаныс өнеркәсібін қолдауға 1,5 миллиард еуро бөлуді қарастыратын жұмыс бағдарламасын бекітті, деп жазылған ЕК сайтында жарияланған мәлімдемеде.700 миллионнан астам еуро негізгі қорғаныс өнімдерін, оның ішінде дрондарға қарсы жүйелерді, зымырандар мен оқ-дәрілерді өндіруді арттыруға бөлінеді, оның 260 миллион еуросы тікелей Украинаға – оның қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіруге және модернизациялауға, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге беріледі. 325 миллион еуро ЕС елдерінің Украина мен Норвегия қатысатын бірлескен қорғаныс жобаларына жұмсалады.Сонымен қатар, 240 миллион еуро қару-жарақ – әуе қорғанысы мен зымыраннан қорғану жүйелері, дрондарға қарсы құралдар, сондай-ақ жердегі және теңіздегі жүйелерді бірлесіп сатып алуға бағытталады. Тағы 100 миллион еуро қорғаныс стартаптары мен шағын компанияларға, ал 35,3 миллион еуро Украина қатысатын әскери инновациялар мен украин және еуропалық кәсіпорындарды қолдауға жұмсалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еурокомиссия Украина қорғаныс өнеркәсібін қолдау бағдарламасын бекітті
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Еуропалық комиссия (ЕК) Украина мен Еуропаның қорғаныс өнеркәсібін қолдауға 1,5 миллиард еуро бөлуді қарастыратын жұмыс бағдарламасын бекітті, деп жазылған ЕК сайтында жарияланған мәлімдемеде.
"Бүгін Еуропалық комиссия Еуропалық қорғаныс өнеркәсібі бағдарламасы (EDIP) аясында 1,5 миллиард еуро көлеміндегі жұмыс бағдарламасын бекітті. Бағдарлама Еуропаның қорғаныс өнеркәсібін нығайту мен модернизациялауға, өндірістік қуаттарды арттыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген құжатта.
700 миллионнан астам еуро негізгі қорғаныс өнімдерін, оның ішінде дрондарға қарсы жүйелерді, зымырандар мен оқ-дәрілерді өндіруді арттыруға бөлінеді, оның 260 миллион еуросы тікелей Украинаға – оның қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіруге және модернизациялауға, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге беріледі. 325 миллион еуро ЕС елдерінің Украина мен Норвегия қатысатын бірлескен қорғаныс жобаларына жұмсалады.
Сонымен қатар, 240 миллион еуро қару-жарақ – әуе қорғанысы мен зымыраннан қорғану жүйелері, дрондарға қарсы құралдар, сондай-ақ жердегі және теңіздегі жүйелерді бірлесіп сатып алуға бағытталады. Тағы 100 миллион еуро қорғаныс стартаптары мен шағын компанияларға, ал 35,3 миллион еуро Украина қатысатын әскери инновациялар мен украин және еуропалық кәсіпорындарды қолдауға жұмсалады.