Азық-түлік бағасының өсуі бірінші тоқсанда үш есе баяулады

© Sputnik / Абзал КалиевВ торговом комплексе Magnum Cash & Carry
В торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Жазылу
Негізінен көкөністің бағасы төмендеді. Жыл басынан бері қияр 31,1%-ға арзандаған
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үш есе баяулады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, наурыз айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсу индексі 0,3%-ды құрады. Бұл өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда (0,9%) үш есе төмен.
"Жалпы алғанда, бірінші тоқсанда баға өсімі 1,2% болды. Бұл да 2025 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден (3,8%) үш есе төмен. Бұл динамика баға өсімінің тұрақты баяулап келе жатқанын көрсетеді", – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеңесте ресми статистика тұтыну бағалары индексін есептеудің халықаралық әдістемесіне сәйкес қалыптастырылатыны және 537 тауар мен қызмет түрін қамтитыны айтылды. Мониторинг ел бойынша 12 мыңнан астам сауда нысанында жүргізіледі.
Негізінен көкөністің бағасы төмендеді: қырыққабат – 1,9%-ға, қызанақ – 2,6%-ға, пияз – 10,9%-ға, қияр – 22,6%-ға арзандады. Жыл басынан бері қияр бағасы 31,1%-ға төмендеді.
Жаңалықтар
0