https://sputnik.kz/20260330/aqsh-kievke-qaru-zharaq-zhetkizudi-zhalgastyruga-uade-berdi---ukraina-sim-62255439.html
АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыруға уәде берді - Украина СІМ
АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыруға уәде берді - Украина СІМ
Sputnik Қазақстан
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Вашингтонның Украинаға емес, Таяу Шығысқа қару жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген 30.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-30T09:20+0500
2026-03-30T09:20+0500
2026-03-30T09:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_119:0:2590:1390_1920x0_80_0_0_53afbeb71775c8bb933ac26fd0e41c9d.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига АҚШ-тан Киевке қару-жарақ жеткізуге арналған НАТО-ның Украинаға қойылатын басымдық тізімі (PURL) бағдарламасы бойынша көмектің басқа елдерге бағытталмайтынына кепілдік алғанын мәлімдеді.Бұл туралы РИА новости жазды.АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Вашингтонның Украинаға емес, Таяу Шығысқа қару жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген. Ол егер елде өз қорларын толықтыруға немесе миссияны орындауға әскери қажеттілік болса, алдымен АҚШ-тың өз мүддесіне басымдық берілетінін түсіндірді."PURL контекстінде америкалық тараптан өте маңызды кепілдіктер бар... Бұл туралы мемлекеттік хатшы Рубио деңгейінде айтылды – бұл бағдарламадан басқа географиялық орындарға да, Украинаға арналған қаражаттан да, құрал-жабдықтардан да ештеңе қайта бағытталмаған. Әзірге оны қайта бағыттау жоспарда жоқ", - деді Сибиға Укринформға берген сұхбатында.АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Вашингтон бұдан былай америкалық қаражат есебінен Киевке қару бермейді. Оны алдымен НАТО елдеріне сатады, кейін олар Украинаға жібереді деп мәлімдеген.
https://sputnik.kz/20260214/aqsh-biyl-ukrainaga-15-mlrd-dollarga-qaru-zharaq-zhetkizedi---ryutte-61160032.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_428:0:2281:1390_1920x0_80_0_0_3a20a755b6a63bfa6b7ffb592da4378e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыруға уәде берді - Украина СІМ
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Вашингтонның Украинаға емес, Таяу Шығысқа қару жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига АҚШ-тан Киевке қару-жарақ жеткізуге арналған НАТО-ның Украинаға қойылатын басымдық тізімі (PURL) бағдарламасы бойынша көмектің басқа елдерге бағытталмайтынына кепілдік алғанын мәлімдеді.
Бұл туралы
РИА новости жазды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Вашингтонның Украинаға емес, Таяу Шығысқа қару жіберуі мүмкін екенін мәлімдеген. Ол егер елде өз қорларын толықтыруға немесе миссияны орындауға әскери қажеттілік болса, алдымен АҚШ-тың өз мүддесіне басымдық берілетінін түсіндірді.
"PURL контекстінде америкалық тараптан өте маңызды кепілдіктер бар... Бұл туралы мемлекеттік хатшы Рубио деңгейінде айтылды – бұл бағдарламадан басқа географиялық орындарға да, Украинаға арналған қаражаттан да, құрал-жабдықтардан да ештеңе қайта бағытталмаған. Әзірге оны қайта бағыттау жоспарда жоқ", - деді Сибиға Укринформға берген сұхбатында.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Вашингтон бұдан былай америкалық қаражат есебінен Киевке қару бермейді. Оны алдымен НАТО елдеріне сатады, кейін олар Украинаға жібереді деп мәлімдеген.