Алматыда автобуста қызды сүймек болған ер адам ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2026
Жазылу
Қаскүнемнің психоневрологиялық мекемеде есепте тұрғаны белгілі болды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Алматыда автобуста қыздың мойнынан ұстап, сүймек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бағытталған қажетті іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
"Тексеру барысында аталған адамның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрғаны белгілі болды. Осыны ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық ұйымға жіберілді", - делінген хабарламада.
Ер адамның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.
Жаңалықтар
0