Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мемлекеттік дума Зеленскийдің ядролық қару туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Виталий БелоусовЗдание Государственной Думы РФ на улице Охотный ряд в Москве
Здание Государственной Думы РФ на улице Охотный ряд в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекеттік думаның қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Қырымнан сайланған депутат Михаил Шеремет Зеленскийдің ядролық қару туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Зеленский Украина қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге ядролық қару алуды қалайтынын мәлімдеген болатын. Депутат Михаил Шереметтің айтуынша, ондай сценарийге жол беруге болмайды.
"Ядролық қару - бұл ең алдымен жауапкершілік. Ал Зеленскийдің қолында ол бүкіл әлемге қауіп төндіретін болады. Украинаға ядролық қаруға құқық беру - мүмкін емес сценарий", - дейді Шеремет.
РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Оның айтуынша, Украинадағы ядролық қару саяси манипуляцияларға ғана емес, Киев тарапынан оны қолдану, соның ішінде өз демеушілеріне қарсы пайдалану әрекетіне де әкеліп соқтыруы мүмкін.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский қауіпсіздік кепілдігі ретінде ядролық қаруды талап етті
Жаңалықтар
0