https://sputnik.kz/20260329/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-29-nauryz-62220203.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 29 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 29 наурыз
Sputnik Қазақстан
29 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз. 29.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-29T00:01+0500
2026-03-29T00:01+0500
2026-03-29T00:01+0500
дерекқор
https://sputnik.kz/img/960/89/9608925_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_23b433ee820d223e02c9598549234607.jpg
29 наурызда әлемде қандай мереке аталып өтедіБүгін – Францияда Ұлттық ірімшік күні. Франция әлемде ірімшікті тұтынудан бірінші орында тұр. Бұл елдің тұрғындары таңғы, түскі және кешкі аста ірімшік жейді. Мерекенің құрметіне орай француз мейрамханалары қонақтарына 7-8 ірімшіктің түрін бар-жоғы 1 еуроға ұсынады.29 наурыз – әлемдегі ең танымал сусын болып табылатын Coca-Cola-ның туған күні. Әуелі бас аурының дәрісі ретінде дайындалған бұл сусынның рецептісін америкалық фармацевт Джон Пембертон дәл осы күні патенттеген. Ол кока жапырақтарын қайнатып, оған кофеин мен қантты қосқан. Алғашында бұл сусын тек дәрігердің рұқсатымен дәріханаларда сатылды. Кейін дизайнер Фрэнк Робинсон коланың бізге таныс логотипін әзірлеген. Уақыт өте сусынға газ қосылған.Джон Пембертон дүниеден өткен соң оның рецептісін америкалық кәсіпкер Аза Кендлер 2 300 долларға сатып алады. Кейін ол қоланың құрамына құпия болып саналатын шөптердің қайнатпасын қосады. Сусын көпшілікке ұнап, дүкен сөрелерінде сатыла бастайды. 1893 жылы Аза Кендлер ресми түрде The Coca-Cola брендін тіркейді. Сондай-ақ 29 наурызда Ресей қарулы күштеріндегі заң қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мерекенің мақсаты – әскери әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді жаңғырту және дамыту, әскери кәсіптің мәртебесін арттыру.29 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар1778 жылы ағылшын капитаны Джеймс Кук Ванкувер аралына жетті. Ол – бұл аралға табан тіреген бірінші еуропалық;1795 жылы немістің атақты композиторы Людвиг ван Бетховен Венада алғашқы концертін берді;1867 жылы Англияда Канаданы құру туралы солтүстікамерикалық акт қабылданды;1940 жылы Англия банкі қолдан жасаудан қорғалған алғашқы қағаз ақшаларды айналымға шығарды. Бұл қағаз ақшада жұқа металл жіп болды;1998 жылы - Португалияда 16 шақырымдық "Васко да Гама" көпірі ашылды.29 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1994 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды;1996 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың атақты ханы Абылайдың ақылшысы, жырау, ақын Бұқар Қалқаманұлына ескерткіш қойылды;2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлтымыздың жоғын жоқтаған "Қазақ" газеті оқырмандарға қайта оралды;2013 жылы Астана әкімдігі EXPO халықаралық көрмесінің жобасы - экоқалашықтың құрылысына 100 гектар жер бөлді.29 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар1790 жылы АҚШ-тың оныншы президенті, мемлекеттік және саяси қайраткер Джон Тайлер дүниеге келді;1936 жылы актер және кинорежиссер, Ресей халық әртісі Станислав Говорухин дүниеге келді;1957 жылы француз және америкалық актер Кристофер Ламберт өмірге келді. 29 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді1893 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, аудармашы, публицист Әбдіхамит Жүндібаев дүниеге келді;1896 жылы екі мәрте Социалистік еңбек ері, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев дүниеге келді;1965 жылы самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан, қазақша күрестен спорт шебері Сәлкен Жартыбаев дүниеге келді. Ол – самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, КСРО кубогының күміс жүлдегері. 1992, 1993, 1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанған болатын.1974 жылы қазақ актері Төлепберген Байсақалов дүниеге келді. Ол "Тюльпан" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Аталған кинокартина 2008 жылы Канн кинофестиваліндегі "Ерекше көзқарас" номинациясында гран-при жүлдесін жеңіп алған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/960/89/9608925_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_47611f0b4466197f07ce282586898ab8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 29 наурыз
29 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
29 наурызда әлемде қандай мереке аталып өтеді
Бүгін – Францияда Ұлттық ірімшік күні. Франция әлемде ірімшікті тұтынудан бірінші орында тұр. Бұл елдің тұрғындары таңғы, түскі және кешкі аста ірімшік жейді. Мерекенің құрметіне орай француз мейрамханалары қонақтарына 7-8 ірімшіктің түрін бар-жоғы 1 еуроға ұсынады.
29 наурыз – әлемдегі ең танымал сусын болып табылатын Coca-Cola-ның туған күні. Әуелі бас аурының дәрісі ретінде дайындалған бұл сусынның рецептісін америкалық фармацевт Джон Пембертон дәл осы күні патенттеген. Ол кока жапырақтарын қайнатып, оған кофеин мен қантты қосқан. Алғашында бұл сусын тек дәрігердің рұқсатымен дәріханаларда сатылды. Кейін дизайнер Фрэнк Робинсон коланың бізге таныс логотипін әзірлеген. Уақыт өте сусынға газ қосылған.
Джон Пембертон дүниеден өткен соң оның рецептісін америкалық кәсіпкер Аза Кендлер 2 300 долларға сатып алады. Кейін ол қоланың құрамына құпия болып саналатын шөптердің қайнатпасын қосады. Сусын көпшілікке ұнап, дүкен сөрелерінде сатыла бастайды. 1893 жылы Аза Кендлер ресми түрде The Coca-Cola брендін тіркейді.
Сондай-ақ 29 наурызда Ресей қарулы күштеріндегі заң қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мерекенің мақсаты – әскери әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді жаңғырту және дамыту, әскери кәсіптің мәртебесін арттыру.
29 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1778 жылы ағылшын капитаны Джеймс Кук Ванкувер аралына жетті. Ол – бұл аралға табан тіреген бірінші еуропалық;
1795 жылы немістің атақты композиторы Людвиг ван Бетховен Венада алғашқы концертін берді;
1867 жылы Англияда Канаданы құру туралы солтүстікамерикалық акт қабылданды;
1940 жылы Англия банкі қолдан жасаудан қорғалған алғашқы қағаз ақшаларды айналымға шығарды. Бұл қағаз ақшада жұқа металл жіп болды;
1998 жылы - Португалияда 16 шақырымдық "Васко да Гама" көпірі ашылды.
29 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1994 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды;
1996 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында қазақтың атақты ханы Абылайдың ақылшысы, жырау, ақын Бұқар Қалқаманұлына ескерткіш қойылды;
2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлтымыздың жоғын жоқтаған "Қазақ" газеті оқырмандарға қайта оралды;
2013 жылы Астана әкімдігі EXPO халықаралық көрмесінің жобасы - экоқалашықтың құрылысына 100 гектар жер бөлді.
29 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1790 жылы АҚШ-тың оныншы президенті, мемлекеттік және саяси қайраткер Джон Тайлер дүниеге келді;
1936 жылы актер және кинорежиссер, Ресей халық әртісі Станислав Говорухин дүниеге келді;
1957 жылы француз және америкалық актер Кристофер Ламберт өмірге келді.
29 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді
1893 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, журналист, аудармашы, публицист Әбдіхамит Жүндібаев дүниеге келді;
1896 жылы екі мәрте Социалистік еңбек ері, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев дүниеге келді;
1965 жылы самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан, қазақша күрестен спорт шебері Сәлкен Жартыбаев дүниеге келді. Ол – самбодан КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, КСРО кубогының күміс жүлдегері. 1992, 1993, 1994 жылдары Қазақстанның ең үздік самбошысы атанған болатын.
1974 жылы қазақ актері Төлепберген Байсақалов дүниеге келді. Ол "Тюльпан" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған. Аталған кинокартина 2008 жылы Канн кинофестиваліндегі "Ерекше көзқарас" номинациясында гран-при жүлдесін жеңіп алған.