Жаңбыр, найзағай: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Санат Имангалиевжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 29 наурызға ауа райы болжамын ұсынды.
Кең ауқымды антициклон әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дейді мамандар.
Республика бойынша тұман түседі. Солтүстікте көктайғақ, батыста, оңтүстікте, орталықта жел күшейеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.
Ал Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады деп күтілуде.
Архивное фото молнии во время грозы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Ақмола облысында екі баланы найзағай соқты: біреуі көз жұмды
Жаңалықтар
0