Түркістанда ветеринария саласында басшылар 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған

© Photo : Polisia.kzКорова
Корова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
Олар кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару кезінде өздерінің ЭЦҚ-ларын пайдаланған
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Прокурорлар ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.
Түркістан облысының прокуратурасы "Ветеринариялық қызмет" ШЖҚ МКК қызметінде 928 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.
"2022–2025 жылдар аралығында Ветқызметтің басшылары мен жауапты қызметкерлері сатып алулар барысында төлем тапсырмаларына көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 928 млн теңгені негізсіз және заңсыз аударған", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару кезінде өздерінің ЭЦҚ-ларын пайдаланып, заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларында бірдей бизнес субъектілерінің ЖСН-дарын енгізіп, тек атауларын өзгертіп отырған.
Нақтысында кәсіпкерлік субъектілері тарапынан ветқызметке қызметтер көрсетілмеген және тауарлар жеткізілмеген. Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген.
Аталған факт бойынша осы жылдың 26 наурызында 4 лауазымды тұлға - ветеринариялық қызметтің бұрынғы екі басшысы, орынбасары және бас бухгалтері күдікті деп танылып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта басқа да лауазымды тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Баспана кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Ақтөбеде экс-депутаттар азаматтарды баспанамен қамтуға арналған қаражатты жымқырған
Жаңалықтар
0