Хуситтер Парсы шығанағындағы қақтығыс басталғаннан бері Израильге алғашқы соққы жасады

© AP Photo / Hani MohammedСодырлар
Содырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
Олар оккупацияланған Палестинадағы Израильдің маңызды әскери нысандарына баллистикалық зымырандар бағыттады
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Солтүстік Йеменді басқаратын шииттік әскери-саяси қозғалыс "Ансар Алла" (хуситтер) Израильдегі нысандарға зымыранмен соққы жасағанын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
Олар мұны АҚШ пен Израиль нысанаға алып отырған Иранды қолдау үшін жасады.
"Йемен қарулы күштері оңтүстік оккупацияланған Палестинадағы Израильдің маңызды әскери нысандарына баллистикалық зымырандар бағыттады", - делінген хуситтер қарулы күштерінің мәлімдемесінде.
Бұл Парсы шығанағындағы шиеленіс басталғаннан бері йемендік хуситтердің алғашқы соққысы.
Бұған дейін хуситтер АҚШ-пен қақтығыста Иран жағында соғысуға дайын екендіктерін мәлімдеген болатын.
Иран Ресей мен Қытай кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Иран Ресей мен Қытай кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат берді
Жаңалықтар
0