Астанада ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды - видео

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2026
Жазылу
Жаппай төбелестің видеосы желіде тарады. Бір топ жастың арасында жанжал туындаған
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Астанада сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды.
"102 арнасына бір топ жастың сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды ұстап, оларды Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізді", - деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жауаптылар жауапқа тартылады.
Здание министерства иностранных дел РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Ресейде қазақстандықтардың қатысуымен жаппай төбелес болды – министрліктің ресми жауабы
Жаңалықтар
0