https://sputnik.kz/20260327/tamburda-pyshaqtagan-poyyzda-ariptesin-oltirgen-er-adam-9-zhylga-sottaldy-62220072.html
Тамбурда пышақтаған: пойызда әріптесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды
Тамбурда пышақтаған: пойызда әріптесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған 27.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-27T18:24+0500
2026-03-27T18:24+0500
2026-03-27T18:24+0500
ақтөбе
қылмыс
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_0:40:800:490_1920x0_80_0_0_8053f1a98f81998656c932cf3b8f7a27.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. "Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызында әріптесін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады бас прокуратура.Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260323/astanada-tal-tuste-er-adam-tanysyn-pyshaqtap-oltirdi-62118047.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_47:0:754:530_1920x0_80_0_0_bcd75388d267ad5e09b33047c7d99f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, қылмыс, пойыз
Тамбурда пышақтаған: пойызда әріптесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды
Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. "Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызында әріптесін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады бас прокуратура.
"Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған", - деп жазылған хабарламада.
Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.