Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі деп айыпталған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қылмыстық іс Жамбыл облысында қаралды. Жол апаты 27 шілдеде "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болған еді.
"Ол шаршаған күйде жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен, содан кейін оның көлігі аударылған", - делінген сот материалында.
Салдарынан сотталушының досы мен әпкесі қайтыс болды, өзі ауруханаға жатқызылды. Сотта ол өз кінәсін мойындамады.
Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жылға көлік жүргізуге тыйым салынды.
2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы болғандықтан, жаза 5 жылға кейінге қалдырылды.
Казахстанский боец смешанных единоборств, чемпион M-1 Global Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2025
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0