Қымыз бен шұбат өндірісі төмендеп жатыр

© Sputnik / Владимир БугаевКымызмурындык
Кымызмурындык - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Жазылу
Кейінгі жылдары қымыз өндірісі алдымен тұрақты өсім көрсетіп, кейін күрт төмендеді
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда қымыз бен шұбат өндірісі төмендеп барады, алайда аталған ұлттық сусындарға деген сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Кейінгі жылдары қымыз өндірісі алдымен тұрақты өсім көрсетіп, кейін күрт төмендеді. Егер 2016 жылы елде небәрі 655 тонна қымыз өндірілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш шамамен 4 есе өсіп, 2,5 мың тоннаға жетті. Алайда 2024 жылы көлем 1,5 мың тоннаға дейін қысқарып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 мың тонна болды.
Шұбатқа қатысты жағдай да осыған ұқсас: 2021 жылғы ең жоғары 4,4 мың тоннадан кейін өндіріс 2025 жылы 1,4 мың тоннаға дейін азайды. Осылайша, нарық қысқа уақыт ішінде өсім кезеңінен айтарлықтай қысқару кезеңіне өтті.
"Осы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы деректер де тұрақсыздықтың сақталып отырғанын көрсетеді. Қымыз өндірісі 215 тоннаны құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артқан (178 тонна), алайда 2024 жылдың қаңтар-ақпанындағы деңгейден (314 тонна) әлі де айтарлықтай төмен", - деп жазды портал.
Шұбат бойынша көрсеткіштер де шектеулі: 206 тонна. Бұл өткен жылғы 184 тоннадан жоғары болғанымен, екі жыл бұрынғы 479 тоннадан әлдеқайда аз. Яғни, белгілі бір деңгейде қалпына келу байқалғанымен, бұрынғы көлемдерге жеткен жоқ.
Сонымен қатар, жалпы сүт өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді. Елде жан басына шаққандағы сүт және сүт өнімдерін, соның ішінде ашытылған өнімдерді тұтыну 2023 жылғы 227,2 кг-нан 2025 жылы 240,6 кг-ға дейін артты.
Сүт өнімдері қазақстандықтардың рационында негізгі санаттардың бірі болып қала береді. Салыстыру үшін: жан басына шаққанда ет тұтыну – 85,8 кг, жеміс-жидек – 83,1 кг, ал балық небәрі – 14,9 кг.
Осы ретте ашытылған сүт өнімдерінің бағасы да өсіп жатыр. Биылғы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша бұл тауарлар бір айда 1,9%-ға, ал жылдық мәнде 13%-ға қымбаттады. Қымыздың бағасы бір айда 2%-ға өсіп, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 14,6%-ға артты.
Гастрофестиваль BaiQymyz в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2025
Астанадағы қымыз фестивалінде рекорд тіркелді
Жаңалықтар
0