https://sputnik.kz/20260327/euraziyalyq-ukimetaralyq-kenestin-otyrysynda-12-quzhatqa-qol-qoyyldy-62213170.html
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 12 құжатқа қол қойылды
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 12 құжатқа қол қойылды
Sputnik Қазақстан
Келесі отырыс Қырғызстанда тамызда өтеді 27.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-27T13:40+0500
2026-03-27T13:40+0500
2026-03-27T13:41+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62205982_0:57:3010:1750_1920x0_80_0_0_1d9104a3a54d9420b25e1eb307b6a40d.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы аяқталды.Іс-шараны Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жүргізіп, одақ экономикасын дамыту бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ үшін тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы сөзсіз негізгі қағидат болып қалуға тиіс, деді Бектенов.Қазақстан өзінің төрағалығы аясында одақ қызметінің салаларына жасанды интеллект енгізіп, транзиттік әлеуетті ашуға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті. Сондай-ақ ішкі нарықтағы кедергілерді дәйекті түрде жойып, сыртқы сауда ынтымақтастығын кеңейтуді қолға алмақ.Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер интеграциялық процестерді ары қарай дамытып, мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, деп атап өтті Қазақстан үкіметі.Бұл құжаттар еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастырып, жұмыс істетуге бағытталған. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 2026-2030 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасына, макроэкономикалық жағдайға және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қамтамасыз етеді.Келесі отырыс 6-7 тамызда Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтеді.ЕАЭО-ға бес ел кіреді:Бірлестік біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62205982_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_684d9b7118fa28463cae6cd27273aad1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 12 құжатқа қол қойылды
13:40 27.03.2026 (жаңартылды: 13:41 27.03.2026) Келесі отырыс Қырғызстанда тамызда өтеді
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы аяқталды.
Іс-шараны Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жүргізіп, одақ экономикасын дамыту бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ үшін тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы сөзсіз негізгі қағидат болып қалуға тиіс, деді Бектенов.
Қазақстан өзінің төрағалығы аясында одақ қызметінің салаларына жасанды интеллект енгізіп, транзиттік әлеуетті ашуға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге ниетті. Сондай-ақ ішкі нарықтағы кедергілерді дәйекті түрде жойып, сыртқы сауда ынтымақтастығын кеңейтуді қолға алмақ.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды. Қабылданған шешімдер интеграциялық процестерді ары қарай дамытып, мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, деп атап өтті Қазақстан үкіметі.
Бұл құжаттар еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастырып, жұмыс істетуге бағытталған. Сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 2026-2030 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасына, макроэкономикалық жағдайға және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды қамтамасыз етеді.
Келесі отырыс 6-7 тамызда Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтеді.
Бірлестік біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастырып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін құрылған.