https://sputnik.kz/20260327/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-27-nauryz-62189185.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 наурыз
Sputnik Қазақстан
27 наурызда не болғанын білесіз бе? 27.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-27T00:01+0500
2026-03-27T00:01+0500
2026-03-27T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/960/88/9608859_49:0:2453:1352_1920x0_80_0_0_6042ed2093cea77f139775b10487ec8c.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.27 наурызда қандай елеулі оқиға болдыБүгін - Халықаралық театр күні. Бұл мейрам ресми түрде 1961 жылдан аталып өте бастады. Бұған дейін Халықаралық театр күнін салтанатты түрде тек бірнеше мемлекет тойлады. Бұл күні театрлар ең үздік қойылымдарын қойып, өнерсүйер қауымды ерекше қуантады.Сондай-ақ бүгін Нефролог күні. Нефрология – бүйректің ауруларын зерттейтін ғылым. Өкінішке қарай, бүйрек аурулары халық арасында кең таралған, науқастарды нефролог-дәрігерлер емдейді. Мерекенің мақсаты – мамандықтың беделін арттырып, нефрология саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару. Оның ішінде ең өзектісі – бүйрек трансплантациясы, жыл сайын органдар трансплантациясы бойынша жасалатын барлық операцияның жартысынан астамы бүйрек ауыстыруға қатысты болып отыр. Бұл операция науқастарға қайта өмір сүруге мүмкіндік береді, бірақ әлемде қазір донорлық органдардың тапшылығы мәселесі өткір тұр.27 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар1854 жылы АҚШ-та Абрахам Гесснер керосинті патенттеді;1893 жылы әлемдегі алғашқы "Александр Белл" телефон компаниясы жұмыс істей бастады;1918 жылы Молдава Демократиялық Республикасы Румыния корольдігінің құрамына кірді;1928 жылы Голландияда футболға арналған әлемдегі алғашқы пошта маркасы шығарылды.27 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1992 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен "Бөбек" балалар қайырымдылық қоры құрылды.1992 жылы Алматыда ТМД елдері Жоғарғы кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды;2002 жылы ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.27 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар1961 жылы украиналық және ресейлік актер, сценарист, режиссер Никита Джигурда дүниеге келді;1963 жылы америкалық кинорежиссер, сценарист, актер, кинопродюсер және кинооператор Квентин Тарантино дүниеге келді;1969 жылы америкалық әнші, автор, музыкалық продюсер, актриса және филантроп Мэрайя Кэри дүниеге келді;1987 жылы ресейлік әнші, композитор, актриса Полина Гагарина дүниеге келді.27 наурызда Қазақстанда кім туды1942 жылы музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Болат Қарақұлов дүниеге келді;1977 жылы қазақстандық шаңғышы, төрт олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Малахова-Шишкина дүниеге келді;1979 жылы спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бақыт Ахметов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/960/88/9608859_349:0:2152:1352_1920x0_80_0_0_cde6abf9b8c7edf8fab79c5e88b45739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 27 наурыз
27 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
27 наурызда қандай елеулі оқиға болды
Бүгін - Халықаралық театр күні. Бұл мейрам ресми түрде 1961 жылдан аталып өте бастады. Бұған дейін Халықаралық театр күнін салтанатты түрде тек бірнеше мемлекет тойлады. Бұл күні театрлар ең үздік қойылымдарын қойып, өнерсүйер қауымды ерекше қуантады.
Сондай-ақ бүгін Нефролог күні. Нефрология – бүйректің ауруларын зерттейтін ғылым. Өкінішке қарай, бүйрек аурулары халық арасында кең таралған, науқастарды нефролог-дәрігерлер емдейді. Мерекенің мақсаты – мамандықтың беделін арттырып, нефрология саласындағы мәселелерге қоғамның назарын аудару. Оның ішінде ең өзектісі – бүйрек трансплантациясы, жыл сайын органдар трансплантациясы бойынша жасалатын барлық операцияның жартысынан астамы бүйрек ауыстыруға қатысты болып отыр. Бұл операция науқастарға қайта өмір сүруге мүмкіндік береді, бірақ әлемде қазір донорлық органдардың тапшылығы мәселесі өткір тұр.
27 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1854 жылы АҚШ-та Абрахам Гесснер керосинті патенттеді;
1893 жылы әлемдегі алғашқы "Александр Белл" телефон компаниясы жұмыс істей бастады;
1918 жылы Молдава Демократиялық Республикасы Румыния корольдігінің құрамына кірді;
1928 жылы Голландияда футболға арналған әлемдегі алғашқы пошта маркасы шығарылды.
27 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1992 жылы Сара Назарбаеваның бастамасымен "Бөбек" балалар қайырымдылық қоры құрылды.
1992 жылы Алматыда ТМД елдері Жоғарғы кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды;
2002 жылы ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.
27 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1961 жылы украиналық және ресейлік актер, сценарист, режиссер Никита Джигурда дүниеге келді;
1963 жылы америкалық кинорежиссер, сценарист, актер, кинопродюсер және кинооператор Квентин Тарантино дүниеге келді;
1969 жылы америкалық әнші, автор, музыкалық продюсер, актриса және филантроп Мэрайя Кэри дүниеге келді;
1987 жылы ресейлік әнші, композитор, актриса Полина Гагарина дүниеге келді.
27 наурызда Қазақстанда кім туды
1942 жылы музыкатанушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Болат Қарақұлов дүниеге келді;
1977 жылы қазақстандық шаңғышы, төрт олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Малахова-Шишкина дүниеге келді;
1979 жылы спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Бақыт Ахметов дүниеге келді.