https://sputnik.kz/20260326/venrgiya-euroodaqtagy-safe-nesielerin-almagan-zhalgyz-el-bolyp-otyr-62172537.html
Венгрия Еуроодақтағы SAFE несиелерін алмаған жалғыз ел болып отыр
Венгрия Еуроодақтағы SAFE несиелерін алмаған жалғыз ел болып отыр
Sputnik Қазақстан
Дипломаттардың пайымдауынша, бұл Будапештің Киевке Еуроодақ бөлген 90 миллиард еуролық несиеге тосқауыл қойғаны үшін болуы мүмкін 26.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-26T16:03+0500
2026-03-26T16:03+0500
2026-03-26T16:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Венгрия Еуроодақтың SAFE бағдарламасы бойынша әлі қару-жарақ несиесін алмаған одақтағы жалғыз ел болып отыр. Дипломаттар мен шенеуніктердің пайымдауынша, бұл Будапешттің Киевке Еуроодақ бөлген 90 миллиард еуролық несиеге тосқауыл қойғаны үшін "жазалауы", деп хабарлады РИА новости Politico басылымына сілтеме жасап.SAFE (Security Action for Europe) – Еуропалық Одақтың қорғаныс бағдарламасы, ол негізінен ЕО елдеріне әскери және стратегиялық инфрақұрылымын нығайту, қару сатып алу, кибер және қорғаныс технологияларын дамыту үшін төмен пайызбен ұзақ мерзімді несиелер беруді қарастырады. Ақпан айында Politico Еуропалық комиссия SAFE қорғаныс несиесі бағдарламасына қатысуды Венгрияға қарсы механизм ретінде пайдалана алатынын хабарлады. Себебі Будапншт Киевке Еуроодақтың 90 миллиард еуро несиесін мақұлдау туралы шешіміне келісім бермей отыр.Басылымның мәліметінше, Венгрияның өтінішін мақұлдаудың нақты мерзімі жоқ. ЕК өкілі оны тексеру жалғасып жатқанын айтты.Бұған дейін Еуроодақ Венгрия мен Словакияның Украинаға қатысты Еуроодақ саммитінің соңғы қорытындысын қолдамайтыны туралы құжат жариялаған болатын. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақтың 90 миллиард еуро көлеміндегі несиесі туралы айта келіп, Будапешт Украинаны "Дружба" құбыры арқылы ресейлік мұнай транзитіне тосқауыл қойғаннан кейін ғана қолдайтынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260318/euroodaq-orban-druzhba-kelisiminen-keyin-kievtin-nesiesin-maquldaydy-dep-umittenedi---baq-61985720.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Венгрия Еуроодақтағы SAFE несиелерін алмаған жалғыз ел болып отыр
16:03 26.03.2026 (жаңартылды: 16:27 26.03.2026) Дипломаттардың пайымдауынша, бұл Будапештің Киевке Еуроодақ бөлген 90 миллиард еуролық несиеге тосқауыл қойғаны үшін болуы мүмкін
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Венгрия Еуроодақтың SAFE бағдарламасы бойынша әлі қару-жарақ несиесін алмаған одақтағы жалғыз ел болып отыр.
Дипломаттар мен шенеуніктердің пайымдауынша, бұл Будапешттің Киевке Еуроодақ бөлген 90 миллиард еуролық несиеге тосқауыл қойғаны үшін "жазалауы", деп хабарлады
РИА новости Politico басылымына сілтеме жасап.
SAFE (Security Action for Europe) – Еуропалық Одақтың қорғаныс бағдарламасы, ол негізінен ЕО елдеріне әскери және стратегиялық инфрақұрылымын нығайту, қару сатып алу, кибер және қорғаныс технологияларын дамыту үшін төмен пайызбен ұзақ мерзімді несиелер беруді қарастырады.
Ақпан айында Politico Еуропалық комиссия SAFE қорғаныс несиесі бағдарламасына қатысуды Венгрияға қарсы механизм ретінде пайдалана алатынын хабарлады. Себебі Будапншт Киевке Еуроодақтың 90 миллиард еуро несиесін мақұлдау туралы шешіміне келісім бермей отыр.
"Еурокомиссия мен Венгрия арасындағы ұзақ уақытқа созылған текетірес жаңа кезеңге аяқ басты. Брюссель SAFE қару-жарақ несиесі бағдарламасы бойынша өтініштерді мақұлдауды ұтымды пайдаланып, Венгрия қаражатсыз қалдырып отыр. Бұл Еуроодақтың Украинаға 90 миллиард еуро беруіне Будапешттің вето қойғаны үшін "жазалауы" сияқты", - деп жазды басылым.
Басылымның мәліметінше, Венгрияның өтінішін мақұлдаудың нақты мерзімі жоқ. ЕК өкілі оны тексеру жалғасып жатқанын айтты.
Бұған дейін Еуроодақ Венгрия мен Словакияның Украинаға қатысты Еуроодақ саммитінің соңғы қорытындысын қолдамайтыны туралы құжат жариялаған болатын. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодақтың 90 миллиард еуро көлеміндегі несиесі туралы айта келіп, Будапешт Украинаны "Дружба" құбыры арқылы ресейлік мұнай транзитіне тосқауыл қойғаннан кейін ғана қолдайтынын мәлімдеді.