Тоқаев Ербол Хамитовті III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады
Тоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жазылу
Ақордада чемпион мен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады.
Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады
Касым-Жомарт Токаев наградил паралимпийца Ербола Хамитова  и его тренеров - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Тоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен әлемдік дода еліміз үшін өте табысты болғанына тоқталды.
"Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте елдің көк Туы чемпионның қолына табысталып, оған артылған сенім толығымен ақталған.
"Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді. Үздіктердің ішінен алға шығып, чемпион болу оңай емес. Бұл – жылдар бойғы тынымсыз дайындық пен қажырлы әрі табанды еңбектің жемісі екені анық", – деді президент.
Мемлекет басшысы Ербол Хамитовті III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады
Паралимпиец Ербол Хамитов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Тоқаев ХІV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовті марапаттады
Туризм және спорт министрлігіне қарасты дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке "Парасат" ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы "Үміт" мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа "Құрмет" ордені табысталды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАқордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті
Касым-Жомарт Токаев наградил паралимпийца Ербола Хамитова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті
Ербол Хамитов әлемдік додаға аттанар алдында мемлекеттік Туды тапсырып, сенім артқаны үшін президентке алғыс айтты.
"Осы Паралимпиада ойындары мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз", – деді Паралимпиада чемпионы.
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді
Жаңалықтар
0