https://sputnik.kz/20260326/qaragandy-turgyny-koligine-agash-qulagany-ushin-akimdikten-aqsha-ondirip-aldy-62187013.html
Қарағанды тұрғыны көлігіне ағаш құлағаны үшін әкімдіктен ақша өндіріп алды
Қарағанды тұрғыны көлігіне ағаш құлағаны үшін әкімдіктен ақша өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
Сот ағаш өскен жер учаскесі мемлекеттік меншікте екенін және аумағы бойынша Қарағанды қаласының Қазыбекби атындағы ауданына жататынын анықтады 26.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-26T21:06+0500
2026-03-26T21:06+0500
2026-03-26T21:06+0500
қарағанды
әкімдік
ағаш
https://sputnik.kz/img/237/52/2375203_808:0:2819:1131_1920x0_80_0_0_50131e24537ed319c4535528b70b9869.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты автокөлікке ағаш құлауынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы істі қарады.Ер адам Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінен көлігіне ағаштың құлауы салдарынан материалдық шығын мен тауарлық құн жоғалуын өндіріп алу бойынша сотқа жүгінген.Талап қоюшы ағаштың құлауы салдарынан оған тиесілі "Chery" маркалы көлікке материалдық шығын келгенін көрсеткен.Алайда сотта жауапкер ағаш жауын-шашынның салдарынан тамыр жүйесінің іріп-шіруіне байланысты құлады және бұл форс-мажор жағдайға жатады деген дәлелді алға тартқан. Бірақ сот мұны дәлелденбеген деп таныды.Бағалау есептеріне сәйкес көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құны 1 440 944 теңгені, тауар құнының жоғалуы 355 323 теңгені құрады.Заңға сәйкес, азаматтардың мүліктік мүдделеріне, игіліктеріне және құқықтарына заңсыз әрекеттермен (әрекеткесіздікпен) келтірілген зиян, тұлға тарапынан толық көлемде өтелуге жатады.Сот жауапкердің кінәсінің бар екендігіне, бұл жасыл желектердің жағдайын тиісті деңгейде бақыламау салдарынан деген қорытындыға келіп, талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.
https://sputnik.kz/20260221/shymbulaqta-dauyldan-alyp-agash-qulady-61348306.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/52/2375203_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_4fdcb662886158d56414bded57ce76b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, әкімдік, ағаш
Қарағанды тұрғыны көлігіне ағаш құлағаны үшін әкімдіктен ақша өндіріп алды
Сот ағаш өскен жер учаскесі мемлекеттік меншікте екенін және аумағы бойынша Қарағанды қаласының Қазыбекби атындағы ауданына жататынын анықтады
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты автокөлікке ағаш құлауынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы істі қарады.
Ер адам Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінен көлігіне ағаштың құлауы салдарынан материалдық шығын мен тауарлық құн жоғалуын өндіріп алу бойынша сотқа жүгінген.
Талап қоюшы ағаштың құлауы салдарынан оған тиесілі "Chery" маркалы көлікке материалдық шығын келгенін көрсеткен.
"Сот ағаш өскен жер учаскесі мемлекеттік меншікте екенін және аумағы бойынша Қарағанды қаласының Қазыбекби атындағы ауданына жататынын анықтады. Осы аумақтағы жасыл желектердің күтіп ұстауы мен жағдайын бақылау жауапкершілігі "Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктеледі", - деп жазылған сот хабарламасында.
Алайда сотта жауапкер ағаш жауын-шашынның салдарынан тамыр жүйесінің іріп-шіруіне байланысты құлады және бұл форс-мажор жағдайға жатады деген дәлелді алға тартқан. Бірақ сот мұны дәлелденбеген деп таныды.
Бағалау есептеріне сәйкес көлік құралын қалпына келтіру жөндеу құны 1 440 944 теңгені, тауар құнының жоғалуы 355 323 теңгені құрады.
Заңға сәйкес, азаматтардың мүліктік мүдделеріне, игіліктеріне және құқықтарына заңсыз әрекеттермен (әрекеткесіздікпен) келтірілген зиян, тұлға тарапынан толық көлемде өтелуге жатады.
Сот жауапкердің кінәсінің бар екендігіне, бұл жасыл желектердің жағдайын тиісті деңгейде бақыламау салдарынан деген қорытындыға келіп, талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың қорытындыларымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.