https://sputnik.kz/20260325/zhambyl-oblysynda-105-pedagog-konkurssyz-zhumysqa-qabyldandy-62153389.html
Жамбыл облысында 105 педагог жұмысқа конкурссыз қабылданды
Жамбыл облысында 105 педагог жұмысқа конкурссыз қабылданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында білім беру жүйесін сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бастама өз жемісін беріп жатыр, деп хабарлады... 25.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-25T15:40+0500
2026-03-25T15:40+0500
2026-03-25T15:49+0500
жамбыл облысы
жұмыспен қамту
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1b/58215984_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_75d4d9e61c4493bdf183a9a75672b035.jpg
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында білім беру жүйесін сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бастама өз жемісін беріп жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Атап айтқанда, GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен жоғары оқу орындарының түлектерін конкурстық рәсімдерден өткізбей, тікелей білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау тәжірибесі жүзеге асырылуда. Бұл жоба – білім саласына ынталы жастарды тартуға бағытталған қадамдардың бірі."Бүгінде осы бастама аясында Жамбыл облысында 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастап кетті. Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласып жатыр", - деп жазылған хабарламада.Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар, дйді министрлікте.Аталған жоба жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың еңбек нарығына тез әрі тиімді кірігуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе өңірдегі білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесіп жатыр.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1b/58215984_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_694a3c0f585fb4e3eac60bfc43428860.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жұмыспен қамту, мұғалім
жамбыл облысы, жұмыспен қамту, мұғалім
Жамбыл облысында 105 педагог жұмысқа конкурссыз қабылданды
15:40 25.03.2026 (жаңартылды: 15:49 25.03.2026) АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында білім беру жүйесін сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бастама өз жемісін беріп жатыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Атап айтқанда, GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен жоғары оқу орындарының түлектерін конкурстық рәсімдерден өткізбей, тікелей білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау тәжірибесі жүзеге асырылуда. Бұл жоба – білім саласына ынталы жастарды тартуға бағытталған қадамдардың бірі.
"Бүгінде осы бастама аясында Жамбыл облысында 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастап кетті. Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар, дйді министрлікте.
Аталған жоба жас педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың еңбек нарығына тез әрі тиімді кірігуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе өңірдегі білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектесіп жатыр.