Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны 13%-ға төмендеді

© Photo : акимат Атырауской области Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны 13%-ға төмендеді
Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны 13%-ға төмендеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2026
Жазылу
Өлім 25%-ға төмендеген
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда туберкулезбен ауыратындар саны 13%-ға төмендеді.
Тубреркулез ауруынан болатын өлім саны 25%-ға төмендеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткен диалогта Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
"Қазақстан End TB жаһандық стратегиясы шеңберінде туберкулездің профилактикасы, ерте анықтау және емдеу бойынша жүйелі шараларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары елімізде туберкулезге қарсы көмектің жүйесі едәуір жаңғыртылды", – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Қазақстанда заманауи молекулалық-генетикалық диагностика әдістері енгізілген, олар бірнеше сағаттың ішінде аурудың бар-жоғын және қоздырғыштың дәрілік препараттарға сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді.
Заманауи зертханалық диагностика әдістеріне қолжетімділік фтизиопульмонологияның барлық өңірлік орталықтарында қамтамасыз етілген.
Министрдің айтуынша, қысқа мерзімді және толықтай пероральдық емдеу режимдерін қоса алғанда, инновациялық емдеу әдістерін енгізу емдеу ұзақтығын едәуір қысқартуға, оның тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

"Соңғы 3 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық 13,3%-ға, өлім 25%-ға, ал таралуы 17,2%-ға төмендеді. Дәріге сезімтал туберкулезді емдеудің тиімділігі 90,5%-ды, дәріге көнбейтін түрінде 85,3%-ды құрайды, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді", – деп атап өтті Әлназарова.

Министр қол жеткізілген нәтижелер дәйекті мемлекеттік саясаттың, туберкулезге қарсы іс-шараларды тұрақты қаржыландырудың және халықаралық ұйымдармен белсенді әріптестіктің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.
Аурухана дәлізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2026
Қазақстанда туберкулез жұқтырғандар саны 10%-ға төмендеді
Жаңалықтар
0