https://sputnik.kz/20260325/arqalyqtagy-su-tasqynyna-qarsy-is-sharada-200-den-astam-aula-tazartyldy-62144964.html
Арқалықта Ұлттық ұлан әскерилері 200-ден астам ауланы қардан тазалауға көмектесті
Арқалықта Ұлттық ұлан әскерилері 200-ден астам ауланы қардан тазалауға көмектесті
Sputnik Қазақстан
Іс-шараға 70-ке жуық әскери қызметші қатысып жатыр 25.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-25T11:32+0500
2026-03-25T11:32+0500
2026-03-25T11:52+0500
арқалық
ұлттық ұлан
https://sputnik.kz/img/old/318/47/3184777_0:236:945:767_1920x0_80_0_0_bd71ce35d8b017c6e913dececcf68352.jpg
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері құтқарушылармен және азаматтық қорғау органдарының мамандарымен бірлесіп су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылды. Жұмыстар маусымдық жылыну және қардың еруі кезінде су басудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінің 70-ке жуық әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелеріне көмек көрсету үшін Арқалыққа жіберілді. Бүгінгі таңда 200-ден астам аула тазартылды, жұмыстар күшейтілген режимде жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260320/bes-oblysta-su-tasqyny-zhuru-qaupi-bar---ukimet-62045042.html
арқалық
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/318/47/3184777_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_91fc59ae0436c5367b569a4fa0cd9e00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арқалық, ұлттық ұлан
Арқалықта Ұлттық ұлан әскерилері 200-ден астам ауланы қардан тазалауға көмектесті
11:32 25.03.2026 (жаңартылды: 11:52 25.03.2026) Іс-шараға 70-ке жуық әскери қызметші қатысып жатыр
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласында ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері құтқарушылармен және азаматтық қорғау органдарының мамандарымен бірлесіп су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылды.
Жұмыстар маусымдық жылыну және қардың еруі кезінде су басудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.
Қостанайда орналасқан 6697 әскери бөлімінің 70-ке жуық әскери қызметшісі жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелеріне көмек көрсету үшін Арқалыққа жіберілді.
"Қазіргі уақытта жеке құрам алдын алу шаралары кешенін жүзеге асырып жатыр. Әскери қызметшілер еріген су жиналуы ықтимал учаскелерге мониторинг жүргізеді, тәулік бойы кезекшілік атқарады, бұл жағдайдың өзгеруіне уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Халыққа, ең алдымен тыл ардагерлеріне көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді", - дейді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда 200-ден астам аула тазартылды, жұмыстар күшейтілген режимде жалғасып жатыр.