https://sputnik.kz/20260324/zhuk-koligi-tiegishke-sogyldy---bir-adam-zardap-shekti-62138375.html
Жүк көлігі тиегішке соғылды - бір адам зардап шекті
Жүк көлігі тиегішке соғылды - бір адам зардап шекті
Sputnik Қазақстан
"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдарда қар күрейтін техниканың жол апатына қалай түсетінін көрсетті 24.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-24T19:18+0500
2026-03-24T19:18+0500
2026-03-24T19:18+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07ea/03/18/62135181_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_72ace66d21863ecf951a856ad467e803.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Республикалық жолда жүк көлігі тиегішке соғылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сағат 10:30 шамасында "Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Қайрақ ӨП)" республикалық жолында жол апаты болды. "Volvo" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, қарды тазалап жатқан "КАЖсервис" ЖШС-нің тиегішіне соғылып, аударылып кеткен.Жол қызметкерлері күн сайын қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге тырысады. Ондайда жол апатының қаупі жоқ емес. Мәселен, 2025 жылы бес жол апаты болған. Соның салдарынан 2 жол қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған. Негізі себептер - жылдамдықты арттыру, арақашықтықты сақтамау және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелердегі ескерту белгілерін елемеу.Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге жақындағанда барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады.
https://sputnik.kz/20250915/semeyde-zhuk-koligi-zhartylay-zherdin-astyna-tusip-ketti-57078184.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/18/62135181_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_a5969be21d6b99f94c8b6c6506441074.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Жүк көлігі тиегішке соғылды - бір адам зардап шекті
"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдарда қар күрейтін техниканың жол апатына қалай түсетінін көрсетті
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Республикалық жолда жүк көлігі тиегішке соғылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сағат 10:30 шамасында "Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Қайрақ ӨП)" республикалық жолында жол апаты болды. "Volvo" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, қарды тазалап жатқан "КАЖсервис" ЖШС-нің тиегішіне соғылып, аударылып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан тиегіш жүргізушісі зардап шегіп, жедел жәрдем қызметі арқылы ауруханаға жеткізілді", - дейді компания мамандары.
Жол қызметкерлері күн сайын қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге тырысады. Ондайда жол апатының қаупі жоқ емес. Мәселен, 2025 жылы бес жол апаты болған. Соның салдарынан 2 жол қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған. Негізі себептер - жылдамдықты арттыру, арақашықтықты сақтамау және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелердегі ескерту белгілерін елемеу.
Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге жақындағанда барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауға шақырады.