Жетісу облысында қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында пәтерлерден 23 млн теңгенің затын ұрлған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полиция департаментінің қызметкерлері бірнеше ай бойы өңір тұрғындарын алаңдатқан қылмыстық топты ұстады.
"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 және 35 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар бірқатар пәтер ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айынан 2026 жылдың 19 наурызына дейін облыс аумағында 13 қылмыс жасаған", - дейді полиция.
Барлық жағдайда күдіктілер бір тәсілді қолданған – үй иелері жоқ кезде тұрғын үйлерге пластикалық терезелерді күшпен ашу арқылы кірген. Келтірілген жалпы шығын шамамен 23 миллион теңгені құрады.
Ұстау кезінде күдіктілерден айғақ заттар – ұрланған алтын бұйымдар тәркіленді.
Ұрлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан кәсіби ұрылар ұсталды
Жаңалықтар
0