https://sputnik.kz/20260323/zhan-kerek-eken-5-kun-dalada-zhatyp-qalgan-malshy-oqiganyn-qalay-bolganyn-aytty-62122424.html
"Жан керек екен": 5 күн далада жатып қалған малшы оқиғаның қалай болғанын айтты
"Жан керек екен": 5 күн далада жатып қалған малшы оқиғаның қалай болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Құтқару жұмыстарына атсалысқан полицей аман-есен табылған малшы баласымен жылап көріскенін атап өтті 23.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-23T15:56+0500
2026-03-23T15:56+0500
2026-03-23T18:23+0500
малшы
абай облысы
https://sputnik.kz/img/old/1096/54/10965416_0:16:3071:1743_1920x0_80_0_0_a3fc82b23edb1d89589dc111129557e6.jpg
АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Абай облысында жоғалып кеткен малшы 5 күннен кейін аман-есен табылды. Ол осы уақыт ішінде қар жеп, жан баққан. Sputnik Қазақстан тілшісі Қымбат Семейбаев пен оны құтқаруға атсалысқан 26 жастағы полиция инспекторы Абылайхан Ақатаевтан оқиғаның мән-жайын сұрады.17 наурызда жоғалған биені іздеп шыққан Қымбат Семейбаев оқыс жағдайға тап болады.Қымбат аға әупірімдеп жүріп, атына қайта мінбек болады."Қанша әрекет етсем де міне алмадым, мына сынған аяғым түк икемге келтірмеді. Сау аяғымды көтеріп көріп едім, сынған аяғым бұраң ете қалды, жаным көзіме көрінді. Қолымда телефоным болды, бірақ байланыс жоқ, ешкімге хабарласа алмадым. Жатқан жерім су болды, әбден тоңдым. Алдын ала адам бір нәрсені сезуші еді, ең болмаса ондай да сезім болмады", - дейді Қымбат аға.Қымбат аға 19 наурызда туған күнін ақ қар көк мұзда, далада жатып қарсы алған. Ол 57 жасқа толды, төрт баласы бар, үш немеренің атасы.Қымбат аға жұмыс талғамайды, еңбекқор, "қол қусырып отырғанды жек көрем" дейді. Еңбекақысы 80-100 мың теңге. Бірақ жағдайы туралы шағым айтпады.Малшының жұбайы мен баласы полицияға барып, өтініш жазған. Абай ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Абылайхан Ақатаев дәл сол сәттен бастап іздеуге шықтық дейді."Бізге 20 наурызда ұлы мен әйелі келіп, хабарлама берді. Біз төтенше жағдайлар мамандарымен бірге өзіміздің УАЗ көлігімізбен шығып кеттік. Аудан орталығынан қыстаққа дейін 100 шақырым. Қыстақ таудың ішінде, түнімен іздедік. Сол маңда жылқы жайылатын жер бар. Сол жаққа қарай жүрдік. Таудың етегінде бір қарайған көрінді. Бірақ не екені белгісіз, дүрбімен де қарап көрдік, дұрыс көрінбеді. Содан тұспалдап солай қарай жүре бердік", - дейді Абылайхан Ақатаев.Малшы құлап қалған жерден талай көлік өткен. Қымбат аға қанша айқайлағанымен олар тоқтамай өте шыққан, өйткені байқамаған. Полиция инспекторы мен құтқарушылар 100 шақырым жерді 7 сағат жүрген. Өйткені жол жоқ. УАЗ көлігі омбы қарға батып, әрең жеткен.17 наурызда жоғалып кеткен Қымбат Семейбаев 22 наурыз сағат тоғызда табылған. Полиция мен құтқарушылар малшыны үш күн тынбай іздеген.
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1096/54/10965416_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d223ab7cee4e2cc0802e66e2294cded0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
малшы, абай облысы
"Жан керек екен": 5 күн далада жатып қалған малшы оқиғаның қалай болғанын айтты
15:56 23.03.2026 (жаңартылды: 18:23 23.03.2026) Құтқару жұмыстарына атсалысқан полицей аман-есен табылған малшы баласымен жылап көріскенін атап өтті
АЛМАТЫ, 23 наурыз – Sputnik. Абай облысында жоғалып кеткен малшы 5 күннен кейін аман-есен табылды. Ол осы уақыт ішінде қар жеп, жан баққан.
Sputnik Қазақстан тілшісі Қымбат Семейбаев пен оны құтқаруға атсалысқан 26 жастағы полиция инспекторы Абылайхан Ақатаевтан оқиғаның мән-жайын сұрады.
17 наурызда жоғалған биені іздеп шыққан Қымбат Семейбаев оқыс жағдайға тап болады.
"Жылқыны іздеп шықсам, бір бие үйелеп қалыпты. Мінген атымды қолыма байлап, ана биені итеріп тұрғызып жіберейін деп едім, бие тұрып барып қайта жатып қалды. Сол кезде бір аяғым астында қалып қойды. Сүйегім бытыр ете қалды, жаным көзіме көрінді. Аяғымның сынғанын білдім. Аяғым сол күйі шықпай жылқының астында қалды. Содан екінші аяғыммен биені итеріп едім, бие тұрып кетті", - дейді малшы.
Қымбат аға әупірімдеп жүріп, атына қайта мінбек болады.
"Қанша әрекет етсем де міне алмадым, мына сынған аяғым түк икемге келтірмеді. Сау аяғымды көтеріп көріп едім, сынған аяғым бұраң ете қалды, жаным көзіме көрінді. Қолымда телефоным болды, бірақ байланыс жоқ, ешкімге хабарласа алмадым. Жатқан жерім су болды, әбден тоңдым. Алдын ала адам бір нәрсені сезуші еді, ең болмаса ондай да сезім болмады", - дейді Қымбат аға.
Қымбат аға 19 наурызда туған күнін ақ қар көк мұзда, далада жатып қарсы алған. Ол 57 жасқа толды, төрт баласы бар, үш немеренің атасы.
"Не ұйқы жоқ, дала суық, жан керек екен, қар жей бердім. Қазір ауруханадамын, аяғым үш жерден сынып кетіпті. Мені құтқарған полицейге, құтқарушыларға рахмет. Дәрігерлер де жақсы қарап жатыр", - дейді Қымбат Семейбаев.
Қымбат аға жұмыс талғамайды, еңбекқор, "қол қусырып отырғанды жек көрем" дейді. Еңбекақысы 80-100 мың теңге. Бірақ жағдайы туралы шағым айтпады.
Малшының жұбайы мен баласы полицияға барып, өтініш жазған. Абай ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Абылайхан Ақатаев дәл сол сәттен бастап іздеуге шықтық дейді.
"Бізге 20 наурызда ұлы мен әйелі келіп, хабарлама берді. Біз төтенше жағдайлар мамандарымен бірге өзіміздің УАЗ көлігімізбен шығып кеттік. Аудан орталығынан қыстаққа дейін 100 шақырым. Қыстақ таудың ішінде, түнімен іздедік. Сол маңда жылқы жайылатын жер бар. Сол жаққа қарай жүрдік. Таудың етегінде бір қарайған көрінді. Бірақ не екені белгісіз, дүрбімен де қарап көрдік, дұрыс көрінбеді. Содан тұспалдап солай қарай жүре бердік", - дейді Абылайхан Ақатаев.
Малшы құлап қалған жерден талай көлік өткен. Қымбат аға қанша айқайлағанымен олар тоқтамай өте шыққан, өйткені байқамаған. Полиция инспекторы мен құтқарушылар 100 шақырым жерді 7 сағат жүрген. Өйткені жол жоқ. УАЗ көлігі омбы қарға батып, әрең жеткен.
"Біз сол жерге қарай келе жатқанда жарқылдаған бір нәрсе көрінді. Сөйтсек ағамыз телефонын күнге шағылыстырып, жарық түсірген екен. Сондай әлсіреп қалған. Келе салып шәй бердік, тілге келе бастады. Ұлы бізбен бірге іздеуге шыққан, әкесін аман көргеніне қуанып, бір-бірімен жылап көрісті. Аға да сондай риза болып, қайта-қайта қолымызды қысып, құшақтап алғысын айтты", - дейді Абай ауданы полиция бөлімінің полиция инспекторы Абылайхан Ақатаев.
17 наурызда жоғалып кеткен Қымбат Семейбаев 22 наурыз сағат тоғызда табылған. Полиция мен құтқарушылар малшыны үш күн тынбай іздеген.