Тоқаев қазақстандықтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаТоқаев қазақстандықтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды
Тоқаев қазақстандықтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Жазылу
Елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды
АСТАНА, 23 наурыз - Sputnik. "Тазару күніне" орай Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады.
Еліміздің әр түкпірінде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция басталды.
"Бұл – Наурызнама онкүндігінде айрықша орын алатын күн. Қоғамымыздың жаңғыруы күллі табиғаттың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Уақыт пен іргелі өзгерістердің осылай үндесуі баршамызға Отанымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етуге айрықша күш-жігер беретіні сөзсіз. Республика аумағында "Мөлдір бұлақ" бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді", - деді президент.
Президенттің айтуынша, Жаңа Халық Конституциясы ел бірлігінің арқауы, рухани және құқықтық бағдарымыз әрі Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры болатыны күмәнсіз.
"Ата заңымыз қоғамда дүниетанымымыз бен бітім-болмысымыздың өзегі саналатын ынтымақ, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, сондай-ақ "Таза Қазақстан" құндылықтарын қалыптастырады. "Таза Қазақстан" идеологиялық тұжырымдамасының түпкі мәні көшелерді, аулаларды және айналамызды таза ұстаудан ғана емес, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бастайтын ниет пен пейілдің тазалығынан көрініс табады", - деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл халықты тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды.
Бәріміз күш біріктірсек, елімізді биік белестерге жетелеп, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз, деді ол.
Касым-Жомарт Токаев на праздновании Наурыза в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Тоқаевты шет мемлекет басшылары Наурыз мейрамымен құттықтады
Жаңалықтар
0