https://sputnik.kz/20260323/eek-pen-eaeo-2030-zhylga-qaray-tauarlardyn-ortaq-birzhalyq-narygyn-qalyptastyruga-kiristi-62121487.html
ЕЭК пен ЕАЭО 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға кірісті
ЕЭК пен ЕАЭО 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
2026–2027 жылдары осы нарыққа қатысты негізгі реттеуші құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланған 23.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-23T20:00+0500
2026-03-23T20:00+0500
2026-03-23T20:00+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО елдері 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыруға кірісті. Бұл туралы ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович "Биржалық тауар нарығы" Х халықаралық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.2026-2027 жылдары нарыққа қатысты негізгі реттеуші құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланған. 2029 жылы имитациялық сауда-саттық өткізу көзделген. Одан кейін тиісті инфрақұрылым пайда болған соң индикаторлар жүйесін құру басталады.Сонымен қатар, басты мәселе одақтың ортақ биржалық тауар нарығында саудаланатын тауарлар тізбесін қалыптастыру болмақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕЭК пен ЕАЭО 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға кірісті
2026–2027 жылдары осы нарыққа қатысты негізгі реттеуші құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланған
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия және ЕАЭО елдері 2030 жылға қарай тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңімен іске асыруға кірісті. Бұл туралы ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович "Биржалық тауар нарығы" Х халықаралық форумының пленарлық отырысында мәлімдеді.
"Ортақ биржалық нарықты құру қазіргі экономикалық сын-қатерлерге жауап берудің тиімді құралына айналуға тиіс. Негізінде, бұл ЕАЭО аясында тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етудің сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Одақтың ортақ биржалық нарығында біздің елдер экономикасының негізін құрайтын тауарлар айналымда болуға тиіс деп есептеймін", – деп атап өтті Максим Ермолович.
2026-2027 жылдары нарыққа қатысты негізгі реттеуші құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланған. 2029 жылы имитациялық сауда-саттық өткізу көзделген. Одан кейін тиісті инфрақұрылым пайда болған соң индикаторлар жүйесін құру басталады.
Сонымен қатар, басты мәселе одақтың ортақ биржалық тауар нарығында саудаланатын тауарлар тізбесін қалыптастыру болмақ.